Дос болайық бәріміз әнін орындау

Скачать

6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Достық, бірлік, ынтымақ - ұранымыз.

Мақсаты: 1. Білімділік: Ә. Еспаевтың шығармашылығын, қазақ музыка мәдениетіне қосқан мол музыкалық мұрасын таныстыру.
2. Тәрбиелік: Бірлік пен ынтымақ, халықтар достығын насихаттау арқылы оқушыларға рухани, эстетикалық тәрбие беру.
3. Дамытушылық: Музыканы тыңдап талдай білу қабілетін, әнді дұрыс орындау шеберлігін, музыкалық сауаттылықты дамыту.
Типі: Аралас.
Түрі: Дәстүрлі.
Әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, әуенді ойын, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, баян аспабы, бейнебаян.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Әрқашан күн сөнбесін әнінің әуенімен сыныпқа кіру.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қазақстандағы опера өнері.
2. Дауыс жаттығуын орындау.
а) Гамма орындау.
ә) Тұрақты дыбыстарды айтып жаттығу.
3. Ән орындау. Жібектің әні Гәкку

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Опера сөзжұмбағын шешу.
1) Театр сахнасында қойылатын музыкалық – драмалық шығарма. (опера)
2) Операдағы қайталанып келіп отыратын музыкалық тақырып. (Лейтмотив)
3) Е. Рахмадиевтің операсы. ( Алпамыс )
4) Б. Жұманиязовтың операсы. ( Махамбет )
5) Е. Брусиловскийдің халықтар достығына арналған операсы. ( Дударай )
6) М. Төлебаевтың операсы. ( Біржан – Сара )
2. Топтастыру. Опера.

ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе.
1. Қызығушылығын арттыру. Бейнеролик көру.
Ақпыз, қара, сарымыз – ағайынбыз бәріміз
2. Ой қозғау. Туысқан жұрттар тұрағы
Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!..

Ү. Жаңа сабақ. Достық, бірлік, ынтымақ – ұранымыз.
1. Ән тыңдау. Настоящий друг .
2. Мағынаны тану. 1889 жылы шілдеде Парижде ашылған ІІ Интернационалдың І Конгресі 1 - мамырды барлық елдер пролетариатының халықаралық ынтымақ күні деп жариялады. Бұл – еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні.
3. Ән жұмбақ ойыны. ( алдын ала дайындалған бейнекөрініс арқылы Ә. Еспаевтың Ұстазым , Қайдасыңдар, достарым әндерін жасыру)
Бұл әндердің авторын білеміз бе? Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда дарынды композитор Әбілахат Еспаевтың Бейбітшілік сақталады атты әнін үйренеміз.(Әннің авторларымен танысу)
Әбілахат Еспаев
Өмір сүрген жылдары: 1925 - 1980 жылдар.
Атқарған қызметі:
Атақ – дәрежесі:
Шығармалары: Ә. Еспаев негізінен вокалдық музыка жанрында (ән, романс, хор, баллада) еңбек етті. Оның халыққа кең тарап, үлкен сүйіспеншілікке бөленген Туған ел , Ақ сәуле , Сағыныш екен бала кез , Ұстазым , Қайдасыңдар, достарым , Маржан қыз , Шофер әні , Одағым - бақыт ордасы , Әлі есімде , Бейбітшілік сақталады , Орамал , Жайық қызы т. б. әндері бар.
4. Ән үйрену. Бейбітшілік сақталады Сөзін жазған: Нұтфолла Шәкенов.
а) Әнді орындап беру.
ә) Авторларымен таныстыру.
б) Мәтінінің мазмұнын талдау.
в) Әуеніне қосылып орындау.
г) Әннің жылдамдығын, көркемдігін сақтап орындау.
5. Музыка сауаты.
Баллада (фр. ballade – билеу деген мағынаны білдіреді) – негізінен баяндау сипатында болып келетін вокалды немесе аспапты жанр.
6. Дәптермен жұмыс. (Ән тыңдай отырып).

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.
Өзіндік жұмыс. Бүгінгі сабақта түйгенім .(Оқушыларға кесте таратылып беріледі. Әр оқушының сабақтан алған тәлімі анықталады.)

Оқушының аты - жөні:
Ұғымдар -------------------------- Не ұғындым? ---------- Алған тәлімім, әсерім
Достық, бірлік, ынтымақ
Композитор
Музыка сауаты

ҮІІ. Қорытындылау.
1. Ұйқасын тап
Достық, бірлік, ынтымақ - ұранымыз,
Бәріміздің Қазақстан -.................
Түрлі ұлт пен ұлыстың...............,
............................... қыранымыз.
Әбілахат Еспаевтың әнін айтып,
............................... шығамыз біз.
Мен – Толқын апайларың сабақ өткен,
Ұнадым ба сендерге?..................
2. Дос болайық бәріміз әнін орындау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.
1. Ә. Еспаев – зерттеу.
2. Бейбітшілік сақталады - жаттау.
3. Музыка сауаты. Баллада.
4. Шығармашылық тапсырма. Достық тақырыбына өлең шығару, эссе жазу, сурет салу.
ІХ. Бағалау.


Скачать


zharar.kz