Заттарды топтастыру
Бөбек тобы
Мақсаты: Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету, саусақ маторикасын жетілдіру, ойынға деген белсендік қызығушылығын арттыру, Воскобовичтың ойын құралын пайдалана отырып, балалардың ой-таным қабілетін дамыту, ақыл ой тәрбиесін егу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ жауап, ойын Воскбовичтің әдісі.
Пән аралық байланыс: Сенсорлық тәрбие, дене тәрбиесі.
Сөздік жұмыс: қызыл, көк жіптер, жұмсақ кір қыстырғыштар
Көрнекіліктер: Ұзын жіп, Воскобовичтің ойын құралы, түрлі-түсті жіптер, әртүрлі кір қыстырғыштар.
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды шеңбер жасап тұрғызу.
Балалар қараңдаршы , бүгін ізге көп апайлар қонаққа келіпті, кәне амандасайық.
Іздену ұйымдастырушы
Бәрекелді балалар енді орнымызға жайғасайық.
Балалар айтыңдаршы сендер аналарыңды, әжелеріңді, аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Балалар қараңдаршы менің қолымда көптеген түрлі түсті жіптер бар. Бұл жіптерден әжелеріміз сендерге бастарыңа жылы болу үшін қалпақ тоқып береді.
Ендеше осы жіптерге қараңдаршы әртүрлі екен.
Мынау жіптің түсі қандай?
Балалар қайталап айтайықшы қызыл жіп
Ал мына жіптің түсі қандай?
Бәріміз бірге көк деп қайталаймыз
Дұрыс айтасыңдар,
Жібіміз жұмсақ екен
Ендеше жібімізді алақанымызға жинап көрейік
Ол үшін алдарыңда көк тарелкада көк және қызыл жіптер бар. Сендер осы жіпті алып қолдарыңа былай жинайсыңдар. Енді әрің қолдарыңа жіпті ала қойыңдар. Енді былай жинаймыз
Қане, Аманкүл жібіңді қолыңа алып жинай қой
Тамаша
Көркем дұрыс жарайсың!
Қараңдаршы бәрің де жіпті әдемі жинадыңдар.
Бәрекелді, балалар енді жіпті тәрелкеге салып орнына алып қояйық.
Балалар шаршадыңдар ма?
Ендеше мына жатқан жіптің үстін аяғымызбен басып былай жүреміз міне былай.
Жарайсыңдар балалар!
Енді мына орындықтарға жайғасайық. Балалар сендердің аналарың киімдеріңді жуып тазалап балабақшаға сендерді әдемі күйінде әкеледі. Аналарың сендердің киімдеріңді жуғанда лас болмас үшін мынадай кір қыстырғыштарды пайдаланады.
Енді осы кір қыстырғыштарды жіпке қадап үйренейік. Содан соң сендер жоғары топқа барғанда аналарыңа жуған кірлеріне осы кір қыстырғышпен көмектесетін боласыңдар.
Балалар тақтада арнайы кір қыстырғышты қыстыратын жіптер ілінген, қыстырғыштар әртүрлі. Біз бүгін осы кір қыстырғыштардың түсіне сәйкес жіпке қыстырып үйренеміз. Мынау көк қыстырғыш бұл көк қыстырғышты көк жіпке. Міне былай саусақтардың көмегімен қыстырғышты ұстап қыстырамыз.
№7 Балдырған бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Өмірзақова Зибагүл