ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім

Скачать

Ерзада...... Еркежан
ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.
ЕРЗИБА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зибо - сұлу, көркем, әдемі.
ЕРКЕ - айтқанын істететін шолжың, еркін.
ЕРКЕЖАН - ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі - Жанерке.
Жазира...... Жібек
ЖАЗИРА - араб тілінен - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.
ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.
ЖАМАЛ - араб тілінен — сұлулық, көркемділік, сүйкімділік.
ЖАМАЛИ - араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті.
ЖАМИҒА - араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.
ЖАНАН - тәжік тілінен алынған джонон — жан аямас дос, жан жолдас.
ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.
ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.
ЖАНАТ - ең асыл, көркем, керемет, рахат.
ЖАНЕРКЕ - қараңыз: Еркежан.
ЖАНИПА - иран және тәжік тілдерінен алынған жан - джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.
ЖАНИЯ - иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем.
ЖАННА - көне еврей тілінен келген — кептер, көгершін.
ЖАННАТ - араб тілінен — бақ, жұмақ бағы.
ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.
ЖАНСҰЛУ - жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.
ЖӘЛИЛА - араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңқты, атақты.
ЖӘМИЛА - араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.
ЖЕҢІСГҮЛ - (қараңыз: Гүлжеңіс).
ЖҰЛДЫЗАЙ - жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.
ЖҰМАБИКЕ - араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.
ЖҮПАР - хош иіс.
ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

Қыз есімдерін қарау


Скачать


zharar.kz