Мұқағали Мақатаев
Сен әлі серіксіз бе едің,
Серіксіз бе едің,
Құрбыжан?
Өтіпті - ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған.
Жападан - жалғыз,
Жауатын күндей тұнжырап,
Жүресің, құрбым,
He істеймін саған?
Қынжылам. Жаңа жарылған,
Жауқазын едің көктемде
Жылысып жазың өткен бе?
Лапылдап тұрған,
Жалын едің ғой өрт - кеуде,
Тәйір алғырлар,
Танымай сені кеткен бе?!
Өмірде мына,
Тап болар талай тосын жай,
Өмір - өмір ғой,
Өмірдің заңы осындай.
Бірі - Батыста,
Бірі - Шығыста,
Жарқ етіп, сөнген жасындай,
Өтуі мүмкін, жақсы мен жақсы қосылмай.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2