Ережесін жатқа білу, қолдана алу

Скачать

Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, 5 - сынып математика оқулығы, кесілген суреттер, үлестірме қағаздар, стикер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Білімділік: Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану.
Ережесін жатқа білу, қолдана алу.
2. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шыға - рудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденіс - терін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір - біріне доста - рына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату - тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Жай бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей санға көбейтуді, қысқартуды біледі;
өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады

Сергіту сәті
Ұшты - ұшты ойыны
Оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа қолдарын алға, бұрыс жауапқа қолдарын жоғары көтереді.

Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен тақырыпты қайталау
І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Өткен тақырып бойынша сұрақ - жауап

Жаңа сабақ

ІІ. Мағынаны ажырату.
Математикалық диктант.

1 топ. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін...............
Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп алымы етіп, бөлімдерін көбейтіп бөлімі етіп жазу керек.

2 топ. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін...............
Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, бөлімінің өзін қалдыру керек.

3 топ. Аралас сандарды көбейту үшін..........................
Аралас сандарды көбейту үшін
1) Оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек;
2) Бөлшектерді көбейту ережесін қолдану керек.

Тапсырманы тексеру үшін Ортада қаламсап стратегиясын қолданамыз
Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.

Мұғалім: Айгерім Бекмұратқызы

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту. жүктеу


Скачать


zharar.kz