Абай ҚұнанбаевЖартас(М. Ю. Лермонтовтан)Қонады бір күн жас бұлтЖартастың төсін құшақтап.Жөнелді ертең, қалды ұмыт,Көк жүзіне ойнақтап.Ажымды жүзі тершігенКәрі жартас таң қапты:— Бәрі осы - ay,— деп,— құз деген,Томсарып тұрып жылапты.