Диагностика кезеңі

Скачать

"Қазақстан - менің елім" атты жас өлке танушылар, натуралистерге арналған республикалық ғылыми - практикалық конференция
Бағыты: Туған жердің экономикасы
Тақырыбы: Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі

Зерттеу жұмысының бағдарламасы
● Зерттеу тақырыбы: “Туған елдің экономикасы”.
● Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі
● І. Диагностика кезеңі
● Тақырыптың өзектілігі
● ІІ. Прагностика кезеңі
● 1) Зерттеу нысаны
● 2) Зерттеу мақсаты
● 3) Зерттеу міндеті
● 4) Зерттеудің әдістері мен құралдары
● ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі
● 1) Зерттеу кезеңдері
● 2) Аудандық байқауға қатысу
● 3) Облыстық, республикалық байқауларға қатысу
● ІҮ. Практикалық кезең
● 1) Проблема бойынша материалдар дайындау
● 2) Қосымша мәліметтер жинақтау
● Ү. Жалпылау
● 1) Деманстация материалдарын дайындау
● 2) Аннотация
● 3) Ұсыныс
● 4) Пайдаланған әдебиеттер

Жоспары:
І. Кіріспе
Жер жанаты – Сунақата тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
А) Жаныңда жүр жақсы адам.
Әзия Қыстаубаеваның өмір дерегі
Б) Әзия – механизатор
В) Ел құрметіне бөленген - әкім Әзия
Г) Елбасымен жүздескен Әзия
ІІІ. Қорытынды

Мақсаты: Оқушыға өз елінің қасиетті топырағы түлеткен еңбек адамдары жайлы мағлұмат беру.
Туған жерге деген ұлтжандылық сезімін арттыру.
Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып келешегіне өз үлесін қосуға тәрбиелеу.
Ізденген тақырыбын өзі сияқты шәкірттерге түсіндіру.

Сұлу Сыр бойы мен қазыналы Қаратау алқабын алып жатқан Жаңақорған ауданы тұнып тұрған шежіреге толы. Олай дейтініміз бұл Жаңақорған жерінде қазақ халқының басын құраған Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласы жатыр. Мұнда атақты Барақ, Әбілқайыр, Тоқтамыстар хандық құрған. Оқымысты Хисамеддин Әл - Сығанақи өмір сүрген Сығанақ қаласының орнында Сунақата ауылы бой көтерген. Сунақата совхозы 1965 жылы Төменарық кеңшарынан бөлініп шықты. Сунақата құнарлы күріш шаруашылығымен айналысты. Келешегі мол елдің ырысы мен берекесіне айналған, ауыл тыңын игеруде шаруашылықтың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын көтеру жолында еселі жұмыстар жасалды.

Майталман дихандардың қажырлы еңбектері жоғары бағаланды. Еселі еңбегімен елге танылған дихандар мен механизаторлар өсіп жетілді. Олардың қатарында Халипа Түлкібаева, Әлі Исаев, Әбдірашит Балғабаев, Әбенов Рүстем, Әзия Қыстаубаева, Шымбаева Дәме болды. Қазақ халқының ақыны Манап Көкенов түлеген ауылды, ондағы майталман адамдарын өзінің өлеңдеріне арқау етті. Жерлес жазушыларымыз Дүкенбай Досжанов, Райымбек Әділбековтер “Түлеген ауыл”, “Жер” кітаптары жарық көрді. 1970 - 1990 жылдар аралығында Қазақ СССР жоғарғы Кеңесіне депутат болып 3 адам сайланды. Олар: Түлкібаева Халипа, Әлі Исаев, Әзия Қыстаубаева.
Қазіргі кезде ауылымызды Ә. Қыстаубаева әкім болып қызмет жасайды. Ауылдың 3500 отбасысы 4600 тұрғыны бар. Бір Ұлы Отан соғысының ардагері, екі Ауған соғысының ардагері, 20 алтын алқа, 15 күміс алқа көп балалы аналар да кездеседі. 2 жер асты тұщы су шығатын артезан, түнгі мезгілде жанып тұрған көше жарығы, №10 Айгүл балабақшасы, мәдениет үйі, орталық кітапхана, спорт алаңы, мешіт үйі, 150 телефон жүргізілсе, интернет қызметі, №194 орта мектебі, емхана, барлығы халық игілігіне қызмет көрсетуде. Ауылым жаңару үстіне жаңаруда.


Скачать


zharar.kz