Боталардың боздауы тозбапты әлі, Адамдардың боздауы тозғанменен

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Ac артынан, алдыға шұбат келді,
Біреу татып, біреулер сынап көрді.
Қызылқұмның қиылып қыз - келіні,
Шұбат емес, бір шара шуақ берді.
Ақбоз үйдің есігі айқара ашық,
Гулесуде жігіттер тайғаласып,
Бота сонда боздаса байлаудағы,
Шұбат ішіп, қалайша жәй табасың?!
Бір ботаның сондағы боздауын - ай!
He басына күн туды, боздағым - ай,
¥мыт болған уайым, мұңды өкеліп,
Алпыс екі тамырды қозғауын - ай!
Елестеді ел ауып баратқандай,
Жетім бе, әлде жесір ме, зар атқандай
Қайтқан қаздай қазақтар ертедегі,
Сардалаға сағыныш таратқандай.
Осы екен ғой ботадай боздау деген,
Естімеп ем, естідім...
Қозды - ау денем.
Боталардың боздауы тозбапты әлі,
Адамдардың боздауы тозғанменен.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz