Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым
Мақсаты: Оқушылардың төрт жыл бойы алған білімдерін ғарыш әлемімен байланыстыра отырып, ой - өрістерін, өнерлерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге қадам басуға даярлау, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд шоу, Ғарыш әлемі фотомонтажы, қанатты сөздер, бөлме іші әсем безендірілген.
1 - бөлім. Ғарыштан келген қонақ.
Барысы: Музыка ойналып Робот кіреді.
Робот: Мен - мен - қайда тап болдым? Қандай елге, қандай мерекеге келіп қондым? Кім маған түсіндіреді екен? Мұнда не болып жатыр?
Бала: Сәлем Робот ағай! Сіз Қазақстан жеріне келіп түстіңіз. Бүгін №104 жалпы білім беретін мектепте 4 б сыныбының бастауышпен қоштасу салтанаты өтіп жатыр.
Робот: Сәлем балақай! Мен ғарыштан келдім. Маған осы елің жөнінде, оқытқан ұстаздарың жөнінде және де білімдеріңнің қаншалықты екенін айтып берші. Егер маған ұнасаңдар мен сендерді білім биігіне, жұлдыздарға сапар шегуге алып кетемін.
1 - жүргізуші: Сазарып жатса Сарыарқа
Бетпаққа оны балама
Шыңдарға жырақ космосың
Жақын боп шықты далама.
Өкпелей бермей өткенге,
Ұғып қой ұрпақ бақытты
Түн болса бабаң ғарышқа
Түндіктен қарап жатыпты.
2 - жүргізуші: Ертеңгі күннің райын
Өңінің көктің таныпты,
Сапарға шығар алдында
Аспанға қарап алыпты.
Білмей - ақ тіпті зымыран
Құстардың айға қонарын
Космосқа ұшқан адамға
Байқоңыр старт боларын.
Ән: Отаным - Қазақстаным
Бала: Ғажайып ел бар
Қазақ елі деп аталады
Мұнда ұлы ғалымдар өмір сүріп
Ізгілік пен сұлулық билік құрады.
Бұл елдегі ғажайыптарға қарасақ
Ертегіде жүргендей боласыз.
Ақыл - ой, дана сөздер бар
Өнерлі де, әнші қыздар бар.
Ән: Ертегілер әлемі
Робот: Сендерді білім биігінде жаңа бастамалар мен жаңалықтар күтеді.
1 - ж: Өмір деген ізденуден тұрады
Өнер, білім әр адамның шырағы
Ғылым жолы мәңгілікке өлмейді
Ал ғылым ақ қанаттай пырағың
Әл - Фараби ғұламасы бәрінің
Зерттеген ол дүниенің жарығын
Ибн - Сина медицина ғалымы
Құдірет деп бәрің оны танығын
2 - ж: Қалмайды одан ақын ұлы Абай да
Ақыл берген тіршілікте талайға
Сәтбаев пен Шоқандар
Отыр міне ғылым әлемі төрінде
Білім: Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан
Әл - Фараби: - Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын
Ғылым - кен, күнде өніп қоздайтұғын
Иелік екеуіне еткендердің
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын
Күй: Ата толғауы
Робот: - Балалардың білімін тексеріп көрейін.
1 - топ. Ана тілі.
1. А. Құнанбаев туралы не білеміз?
2. Ш. Уалиханов туралы не білесің, айтып бер.
3. Ы. Алтынсарин туралы не білдік?
4. Қазақ батырларын ата. Бес қарудың атын жатқа айтып бер.
5. 4 жылда оқыған мысалдарыңды ата. Мысалдың бізге берері не?
Бала: - Абай ата, білімді балаларға қандай тілек айтар едіңіз?
Абай: - Ғылым болмай немене
Балалықты қисаңыз
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғылымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Ән: Желсіз түнде жарық ай
Бала:- Шоқан аға, менің сізге қояр сұрағым бар?
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
Шоқан: - Жерден ауыр - ақыл, білім.
Судан терең - оқу, ғылым.
Оттан ыстық - өмір жалған.
Көктен биік - тәкаппардың көңілі.