Дараланған дарын
Мақсаты: Ой жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көрсету.
Бөлімдері:
1. Таныстыру
2. Дода
3. Полиглот
4. Бәйге
5. Мен - Қазақстан болашағымын
6. Жекпе - жек
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде,
Дарындылар елінде
Сұрақтар шешіп, жасырып
Шабыт толып,...........
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп - бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.
Дараланған дарынды
Арамыздан табайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 4 - сынып оқушыларының арасында өтетін Дараланған дарын атты сайыс сабағын көруге шақырамыз. (Қазылар алқасы сайланады).
Музыкалық әуен. Қазақ жігіттері!
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең байысы - барлығының
Қатты істейтін миы бар,- дей келе енді осы сынып дарындарын таныстырып өтейік:
1. Алтай Ажар
2.
8.
Орындарыңа отырыңдар.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар енді тілейік!
Біз МАБ - қа байланысты 1 - ші дода бөлімінде математика пәнінен сұрақтар құрастырып, сайыскерлерімізді сынамақшымыз. Ал, іске сәт, сайыскерлер! 1 - ші дода бөлімімізді бастаймыз. Сіздерге тест беріледі, тест 10 сұрақтан тұрады. Ал енді бастайық.. Сәттілік!
1. Бос орында қандай таңба болуы тиіс: 7 т - ц.
A) 700
ә) 70
б) 72
2. Лақтың салмағы 8 кг., ал ешкінің салмағы одан 3 есе артық. Ешкі неше килограмм тартады?
A) 5 кг ә) 11 кг б) 24 кг
3. Баласы 9 жаста, бұл шешесінен 35 жас кіші. Шешесі неше жаста?
A) 26 жаста
ә) 44 жаста
б) 47 жаста
4. Әріпті өрнекті белгіле.
A) а• 72+ 72
ә) д•3= 9363
б) (280+ 360) • 2
5. Не жеңіл: 1кг мақта ма, әлде 1кг темір ме?
A)=
Ә)
б)