Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Презентацияны жасау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. MS Power Point бағдарламасында оқушы білімін жинақтай отырып жұмыс жасай алуына мүмкіндік беру.
2. Тәрбиелік. Оқушылардың жұмыс жасау барысында ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
3. Дамытушылық. Оқушылардың өз беттерімен ойлау фантазияларын қалыптастыру, шығармашылығын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: білім жинақтау, жетілдіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, еске түсіру, топтық, жұптық
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, ағылшын, математика
Сабақтың жоспары.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Компьютерлердің жұмысқа дайындығын тексеру.
В) Сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) Оқушыларға сұрақтар беру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
ІV. Компьютермен жұмыс
V. Бекіту
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Әр оқушының өзіне бекітілген компьютермен жұмыс жасауға дайындығын тексеріп, сабаққа назарын аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мына көрсетілген слайдта орналасқан кітаптарды тышқан батырмасымен шертіп, жасырылған сұрақтарға жауап берелік.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. MS Power Point бағдарламасындағы слайдта орналастырылатын объектілері атты презентацияны жарнамалау.
Содан соң MS Power Point бағдарламасын іске қосып оқушыларға әр түрлі объектілерді (фон, мәтін, гиперсілтемелер, диаграмма тұрғызуды, кестемен жұмыс жасауды, фигуралардың түрлерін, дыбысты, фильмді, сурет) қоюды көрсетемін.
ІV. Компьютермен жұмыс.
1) Әр түрлі тапсырмалары бар (диаграмма тұрғызу, кестемен жұмыс, сурет кірістіру, фон, мәтін, жазулар) кеспе қағаздар таратылып беріледі. Сол бойынша оқушылар тапсырмаларды жұптаса компьютерде орындайды.


Скачать


zharar.kz