Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушылардың алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау.
Ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнаралық байланысты дамыту.
Іскерлікке, өз бетімен еңбектенуге, білім алуға бәсекелестікке және жинақылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Іскерлік- ойын түріндегі білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Жарыс сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада дайындалған тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру, оқушыларды екі топқа бөлу.
ІІ. Есте сақта! Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында,
а) кестеде берілген өрнектерді 1 минут көрсетіп, жауып тастау. Содан соң оқушылар дәптерге жазады.