Абай Құнанбаев
Жаманбаланың баласы өлгенде
Белгілі сөз: өлді, өлді ,
Белгісіз оның мекені.
Не халатқа[1] әурілді[2],
Қайда қандай екені.
Халат (арабша) — хәл - жай, жағдай. Бұл арада не хәлге, нендей күйге ұшырады деген мағынада.
Әурілді (парсыша) — ел - жұртынан айрылып, шет жерде қаңғып жүруші. Бұл арада қай жаққа кетті деген мағынада.