Аралас сабақ

Скачать

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№37 жалпы орта білім беру мектебінің
Информатика пәні мұғалімі Туралиева Гульдана Сериковна

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт. тақта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Машықтық кезең.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.

I. Ұйымдастыру.
- Амандасу
- Түгендеу
- Топқа бөлу
- Кауіпсіздік ережесін еске түсіру

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Тест жұмысы (Компьютермен орындайды)
1. Берілген сурет бойынша ребусты шешу
А. Монитор
В. Компьютер
С. Пернетақта
Д. Модем
2. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғы емес?
А. Соробан
В. Арифмометр
С. Калькулятор
Д. Шоттар
3. Антивирус - ол...
А. Вирустарды құруға арналған программа
В. Компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа
С. Файлдарды сығуға арналған программа
Д. Файлдарды көшіруге арналған программа
4. Ақпарат қасиеті -
А. Дұрыстық, дәлдік
В. Өзектілік, құндылық
С. Шындық, толықтық
Д. Барлық жауап дұрыс
5. 1. Берілген сурет бойынша ребусты шешу
А. Принтер
В. Пернетақта
С. Монитор
Д. Тышқан
6. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер
А. Paint
В. Windows
С. Microsoft Word
Д. WinRar
7. Мұрағаттық файлдың құрамына не кіруі мүмкін?
А. Тек бума
В. Тек файл
С. Бума да, файл да
Д. Бума да емес, файл да емес
8. Бірінші электрондық сандық есептеуіш машина қалай аталады?
А. БЭМС - 2
В. АВС
С. ДВК
Д. ENIAC
9. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы?
А. Үлкен интегралдық сызба
В. Интегралдық сызба
С. Транзистор
Д. Электрондық лампа
10. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы?
А. Үлкен интегралдық сызба
В. Интегралдық сызба
С. Транзистор
Д. Электрондық лампа

Сөзжұмбақ (Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырып атын шығару)
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)
2. Ақпарат тасығыш (Флешка)
3. 1 байт ол --- битке тең (8)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы? (Монитор)
5. Вирусқа қарсы программа? (Антивирус)
6. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі? (Бит)
7. Компьютермен енеді
Қағазда басып береді (Принтер)
8. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады? Мәтін

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Информатика ғылымында алгоритм түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
Алгоритм – бұл есептер шешiмiн табуға мүмкiндiк беретiн әрекеттер тiзбегiн түсiнiктi, әрі айқын түрде сипаттау.
Мысалы:
Шайды демдеу алгоритмі
- Басы
- Ыстық сумен шәйнекті шаю
- Шәйнекке шай салу
- Қайнаған су құю
- 3 - 5 минут күту
- Шайды шынаяққа құю
- Соңы.

Алгоритмдi құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп аталады. Адам өз өмірінде күн сайын алгоритм кездестiріп отырып, мысалы, мектепке бару үшін де белгілі бір алгоритм орындалады. Сабақты рет - ретімен оқу – бұл да алгоритм, кез келген ойын да белгiлi бiр ереже бойынша ойналады, бұл да алгоритм болып табылады. Кейбір мәселелерді шешу жолында жетiстiктерге жету де алдын ала жоспарланған әрекеттерді орындаудан тұрады, ол да - алгоритм.

Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. Алгоритм сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл - Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.
Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
Алгоритм ұйғарымдары сондай - ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект. Көбіне алгоритм орындаушысы - АДАМ. Адам орындайтын алгоритмдердің санында шек жоқ. Өйткені адам жасайтын әрбір әрекетті алгоритм деп қарастыра аламыз. Мысалы: таңертең тұрғаннан кешке ұйқыға кеткенше жасалатын бар шаруалар., тамақтану, үй жинау, су тасу, сабақ оқу, жұмысқа келу бәрі – бәрі.

IV. Машықтық кезең
Практикалық тапсырмалар:
1 – топқа:
Оқушылар суреттегі кімдер екенін тауып, алгоритм құрастырады. ( Бауырсақ ертегісі )
Топ оқушыларына суреттер беріледі.
2 – топқа:
Ағаш отырғызу алгоритмі
Сергіту сәті
V. Жаңа тақырыпты бекіту

1. Берiлген әрекеттердiң қайсысы алгоритм болып табылады? Дұрыс жауаптарды белгiлеп шық.
 Үлкен дөңгелек сал. Оның үстiне орташа дөңгелек сал. Орташа дөңгелектiң үстiне кiшкене дөңгелек сал. Ең жоғарғы бөлiгiне шелектiң суретiн сал. (алгоритм)
 Патша бұйрығы: Мен бiлмейтiн жаққа бар, мен бiлмейтiн затты әкел (алгоритм емес)
 Жазу: Ластама! (алгоритм емес)
 Бiрiншi санды ал. Оған екiншi санды қос. Нәтижесiн екiге көбейт. Жауабын жаз. (алгоритм)

Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм орындаушысына анықма беріңдер
Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды атаңдар:
- Аяқкиім жөндеу
- Тісті пломбылау
- Көлікті жүргізу
Қорытындылау
1. Алгоритмдер әр түрлі есептерді шешуде пайдаланылады.
2. Кейбір амалдар алгоритм арқылы берілген, қарапайым және орындаушыға түсінікті.
3. Алгоритм есеп шығаруды жеңілдетеді, алгоритм құрастырушыға қарағанда орындаушыдан аз білімді талап етеді.
4. Алгоритм нақты орындаушыға құрылады.
5. Алгоритмді орындау ойлауды қажет етпейді, есеп мәні бойынша өздігінен орындалады.
1) Үйге тапсырма менің 1 күнім тақырыбына алгоритм құрып келу.
VI. Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары.
Менің 1 күнім тақырыбында алгоритм құрып келу
Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz