Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы жалпы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және Қазақстан Республикасының Әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып құрастырылды. Жоғары сынып оқушыларына арналған. Жалпы сағат саны - 34. Аптасына 1 сағат.
Түсінік хат
Тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы бұл -- өнер мен тілді мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу деген сөз. Ал мұндай қамқорлыққа алынған тіл сол мемлекет иесі болған халықтың үдесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт.
Жазу тілінде сөздер де, сөз тіркестері де, грамматикалық тұлғалар да, сөйлем құрамы да түрліше болып жұмсалуының белгілі бір жүйеге түсірілген, қалыптасқан заңдылықтары бар. Жазуда ой жинақы, жатық баяндалуы керектігі талап етіледі. Сонымен қатар тілінің нормаланған, бір ізге, жүйеге түсіп қалыптасқан стильдік тармақтары бар екендігі, жазба тілінің мәтіндері белгілі бір стиль негізінде жазылатындығы талап етіледі.
Сондықтан қазақ тілінің қоғамдық сипатын ашып, қолданылу аясын кеңейту мақсатында еліміздің болашағы — бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпаққа қазақ тілі ретінде мемлекеттік басқару орындарына және қоғамдық ұйымдарға кеңінен енгізіп, кез келген салада терең қолдануды міндеттеп отырғанын түсіндіру арқылы келешекте соған даяр болуға үйрету.
Бағдарламаның құрылымында тіл қызметінің — сөйлеу және жазу, тыңдау және оқу түрлері өзара тығыз байланыста.
Әрбір тақырыптың материалы жүйемен берілді. Сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыруды көздейді
Ғылыми көпшілік әдебиеттер стилінде баяндалатын ой күрделі сөйлемдермен беріліп, нақты дәлелдемелер, анықтамалар, қорытынды тұжырымдама түрінде жазылатындығы талап етіледі.
Көркем әдеби шығармаларда оқиғалар, ой желісі, түрлі сезім — күйлер көріністі баяндау, суреттеу, бейнелеу, әсірелеу, теңеу, салыстыру тәрізді көркемдегіш сөздер мен фразеологиялық қолдану арқылы өрнектелетіндігі талап етіледі.
Публицистикалық стильде шешендер сөздері орфография мен орфоэпия нормалары, әдеби тіл заңдылықтары негізінде қалыптасатындығы түсіндіріліп, өмірде солай қолдану керектігі талап етіледі.
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы жалпы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және Қазақстан Республикасының Әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып құрастырылды. Жоғары сынып оқушыларына арналған. Жалпы сағат саны - 34. Аптасына 1 сағат.