Тақырыбы: Қайталау. 400 - 406 - жаттығулар.
Мақсаты: Оқушылардың дара және күрделі етістіктер туралы түсініктерін жетілдіру. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың етістік туралы білімдерін қайталай отырып, дара және күрделі етістік туралы алған білімдерін тиянақталып, сабаққа деген қызығушылығы артады. Топтық жұмыс жасауға дағдыланады. Кері байланысқа үйренеді.
Негізгі идеялар: Дара және күрделі етістік туралы алған білімдерін қайталау.
Сілтеме: Қазақ тілі. 2 - сынып, Атамұра баспасы.
Пайдаланған әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс, АКТ, ой қозғау, миға шабуыл, бағалау, ой толғаныс, сұрақ - жауап, кері байланыс.
Қажетті құралдар: Оқулық, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, тірек сызбалары, үлестірмелі қағаздар, стикерлер.
Ынтымақтас тық атмосферасы 1 мин Бір, екі, үш,
Отырамыз тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Топқа бөлу. 2 мин
Сөздер арқылы 3 топқа бөлемін: етістік, дара етістік, күрделі етістік
Ой қозғау 2 мин
Үй тапсырмасын тексеремін. Ребусқа байланысты жазып келген сөйлемдерін оқыту.
Кубизм стратегиясы 4 мин
Сұрақ - жауап:
Н – зат есім дегеніміз не?
А – зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
У – зат есімдерге мысал келтір.
Р - етістік дегеніміз не?
Ы - етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
З - етістіктерге мысал келтір.
Көркем жазу
2 мин Қаламсапты дұрыс ұстау, дұрыс отыру және әдемі жазу керектігі ескертіледі.
Дидактика - лық ойын
2 мин "Тез ойла, сөз ойла"
Миға шабуыл
2 мин
Интерактивті тақта. Сәйкестендіру адасқан сөздерді орнына қой.
Сиыр боздайды
Түйе кісінейді
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Семантика - лық карта бойынша жұмыс. 3 мин
Сергіту сәті 2 мин
Ой толғаныс 3 мин
Ауызша талдау 2 мин
Мағынаны тану. 12 мин
Ой қорытынды 2 мин
Бағалау 3 мин
Үй тапсырмасы 1 мин
Кері байланыс (рефлексия) 2 мин
ШҚО, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенті,
Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені
КММ - сінің бастауыш пәні мұғалімі
Жунусканова Гульмира Магауевна
Толық нұсқасын жүктеу