Жауынгердің тұлғасы қандай жинақтың үзіндісі

Скачать

Әдебиет 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы (2 - сағат)
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері
А) ақпараттық құзыреттілік – Бауыржан Момышұлының тұлғасы, қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді.
Ә) коммуникативтік құзыреттілік – оқушыларды алған жаңа материалдары бойынша жұмыстану дағдыларын қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі – әр оқушыны өз бетімен жұмыстандыруға, жаңа материалды талдауға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көрнекілік әдісі, сөздік әдісі, көркемдеп оқу әдісі, практикалық әдіс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі.
Сабаққа қолданылатын педагогикалық технолгиялар: СТО, АКТ, білім беруді ізгілендіру.

I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме оқушылар.
- Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ екенін айта ғой.
- Оқу құралдарыңды дайындап, сабаққа назар аударыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеу.
2. Бауыржан Момышұлы туралы қосымша мәліметтер қарастырып келу.

III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық 1. Б. Момышұлының өмір сүрген жылдарын ата.
2. Жауынгердің тұлғасы қандай жинақтың үзіндісі.
3. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылған?
4. Бауыржан неше жыл әскерде болған?
5. Б. Момышұлы кім?

IV. Өткен материалды бекіту
А. Мұғалімнің көмегімен
Ә. Оқушының өз бетімен жұмыстануы
1 - тапсырма
144 - беттен бастап оқушыларға әңгімені тізбектетіп оқыту. Қысқаша түсінгендерін сұрау.
2 - тапсырма
Берілген кейіпкерлер есімдерінің ішінен Тұтқын бала шығармасының кейіпкерлерінің есімдерін тауып, теріп жаз. Олардың кім екендеріне жеке - жеке тоқталып өт.
Кейіпкерлер: надзиратель, Мұхаметқұл Исламқұлов, Жанбота, Ахат молда, полковник Серебряков, генерал, Аркадий, Жантас, Күлзайра, Бәуке, Приходько, Жанар, немістер, Майқанова, Федоров.

3 - тапсырма.
Берілген сөйлемдерді аяқтап, астын сыз.
1. Түске дейін төрт шабуылын.... 2...., өз тағына түнере мелшиіп отырған. 3. Жігіттер сүйегіміз қалса да,..... 4. Ол батальондардың жігіттері орнынан қозғалмай,...... 5. Бұл соғыс – дұшпанның араны ашылған басқыншылық мінез - құлқын,......

4 - тапсырма.
Ерлік, батырлық туралы мақал - мәтелдер айту.

Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы (2 - сағат). жүктеу


Скачать


zharar.kz