Солтүстік - Қазақстан облысы,
Петропавл қаласындағы №26 мектеп - балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі Милютина Людмила Васильевна
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: өткен сабақтағы тіл материалдарын пысықтау, тақырып бойынша тілдесу әрекетіне баулу, дұрыс дыбысталуын қадағалау; есеп шығару және санау арқылы математика пәнімен байланыстыру;
2. Дамытушылық: ауызекі сөйлесуді, сауатты жаза білуді дамыту;
3. Тәрбиелік: ойын арқылы қазақ тіліне сүйіспеншілігін арттыру; Отанды және табиғатты сүйе білуге шақыру. Еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, бүгін сабағымызға басқа мектеп мұғалімдері қонаққа келіп отыр, қонақтармен жарқын сәлемдесейік! (Жауаптары: Қайырлы күн!)
- Күн шығады әнімен.
- Қайырлы күн!
- Теңізде толқын толқиды.
- Қайырлы күн!
- Көтерілді ақ бидай.
- Құстар самғап ән салды.
- Балаларым, айтыңдаршы?
- Қайырлы күн!
- Қайырлы күн көк аспан!
- Қайырлы күн жер ана!
- Қайырлы күн достарым!
2. Қайталау сабағы:
- Жақсы, отырыңдар, балалар. Бүгін бізде қайталау сабағы.
Келесі сұрақтарға жауап беріңдер;
- Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?
- Сендер қай облыста тұрасыңдар?
- Балалар, келесі сұрақ тақтада.
Бірінші презентация бойынша жұмыс:
(1 слайд бойынша жұмыс: Суретте қай жыл мезгілі? Сұрағына жауап беру.)
- Әр жыл мезгілінің айлары бар. Күз айлары қандай?
(2 слайд бойынша жұмыс: Күз айлары қандай? Сұрағына жауап беру.)
- Күздің бірінші айы қай ай? Қыркүйектің ерекшелігі неде?
- Қыркүйекте оқушылар мектепке барады. (3 слайдты көрсету)
- Қазанда ше?
- Қазанда ағаш жапырақтары мол түседі. (4 слайдты көрсету)
- Қараша айында?
- Қараша айында алғашқы аязды күндер болады.
- Күн суық болғанда адамдар жылы киім киеді. (5 слайд бойынша жұмыс: Киіну туралы сөйлесу.)
Не киесің? Күзде басқа не киесің? Аяққа не киесің?
Оқушылардың жауаптары: Мен басыма жылы құлақшын киемін. Аяғыма қызыл етік киемін. Қалың күрте киемін.
- Жақсы күзгі киім туралы айттық, күздің ең басты еңбегіне тоқталатын болсақ. Біздің облысымыз астыққа бай.
- Келесі суретке қарап не айта аласыңдар?
(6 слайд: берілген сызбаға қарап, сөйлемдер құрастыру. )
Балалардың жауаптары: - Диқаншы бидай жинайды. Бидайдан ұн жасайды. Ұннан нан пісіреді.
- Жақсы, күзде бидай піседі. Тағы не піседі?
- Күзде жемістер мен көкөністер піседі. Дүкендерге қандай жеміс, көкөністер түскенін көріп, сатып алайық.
( Дүкенде рөлдік ойынын ойнау. Алушы мен сатушының сөздерін қалған оқушылар мұқият тыңдайды да, келесі сұрақтарға жауап береді.
- Не сатып алды? Неше теңге төледі?)
- Дұрыс, келесі тапсырма қиын сондықтан сәл демалып алайық!
Сергіту сәтті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
- Дүкендегі сөйлесуде жақсы санайтындарыңды көрсеттіңдер. Онда мына есепті шығарайық.
ЕСЕП: (10 слайд)
Оқушылар мектеп бақшасынан 160 килі алма және 75 килі алмұрт жинады. Жиналған жемістердің 80 келісі сатылды. Барлығы неше килі жеміс қалды?
- Жарайсыңдар, балалар, дүкеннің сәбіздерін қанша екенін білдік! Жауабын қалай жаздыңдар? (Балалардың жауаптары.)
- Жауапты дұрыс жазыпсыңдар, енді мына сөйлемдерді кім толықтырып, дұрыс жазады?!
11 слайд бойынша сөйлемдерді толықтыру:
Күзде................. сарғайып жерге түседі.
Күзде.................. жауады.
Дала.......................... болады.
.............. жылы жаққа ұшып кетеді.
Қосымша №2 презентация. (Өздік жұмыс) Балалардың алдарында компьютерде бөлек слайд арқылы жасалған Әріп жаңбыры ойын.
Көп нүктенің орнына керекті әріпті қою
Қорыту: (Венн диаграммасы № 12 слайдта)
Ұнайды
Ұнамайды
Үй жұмысына тапсырма.
1 – деңгейлік тапсырма: Күздің суретін салу
2 - деңгейлік тапсырма: Күз туралы өлең жаттау
3 - деңгейлік тапсырма: Күз туралы сұрақ - жауап құрастыру
4 - деңгейлік тапсырма: Күз тақырыбына бес сөйлем құрастырып, сұрақ қою
5 – деңгейлік тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау.
Қоштасу.