Ақпараттық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және жүйелеу

Скачать

Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы, №5 ОМ
Азиев Кудрят Нариманович

География сабағында АКТ-ны пайдалану туралы рефлективті есеп.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады.

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. (нұсқаулық 61 бет)

Мен курстың 1-бетпе-бет кезеңінде, қашықтықтан оқу кезіндегі зерттеу барысында нұсқаулықты оқып алған біліміме сүйеніп, АКТ-сын пайдалана отырып, өз алдымға төмендегі мақсатты қойдым:
География сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, өз бетінше ізденімпаздықпен жан – жақты білім жинақтау қабілеттерін дамыту, өз жұмыстарына өзіндік сыни көзбен баға беруге дағдыландыру. Ақпараттық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және жүйелеу; оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін дамыту, өз білімін өмірде пайдалануын білу; компьютер мен жұмыс істеу, логикалық ойлау, жан – жақты білім алу, есте сақтау қабілетін дамыту

Мен, мектептегі қашықтықтан оқу кезіндегі тәжірибемде нұсқаулықты оқу барысында АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің
біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор білім беру үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады екендігін түсіндім.
Технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді.

Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады.(нұсқаулық 64 бет)

Технологиялық білім сыныпта АКТ-ні қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегітехнологияларғамыналаржатады:
• Теледидар бағдарламалары;
• Сандық теледидар;
• Интернет WWW;
• Ұялы телефон;
• Ұтқыр қондырғылар;
• Компьютер ноутбук. (нұсқаулық 65 бет)
Мен география сабақтарында АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын, білімге деген ынтасын, ізденімпаздық қасиетін, құзыреттілігін артатына, жан-жақты ізденімпаздықпен өз бетінше білім алуына сендім.
Сол мақсатта мен тәжірибемде интербелсенді тақта, электронды оқулық, ғаламтор, ұялы телефон жүйесін пайдаланып көрдім.

Ескі әдісті салыстырғанда оқушыларға шынымен де АКТ-ны пайдалану өте тиімді екен. Мысалы ретінде айтсам интербелсенді тақтаның барлық мүмкіндіктерін пайдалансақ, оқушының қызығушылығын арттырады. Тақта арқылы картамен жұмыс кезінде Қорықтар тақырыбын өткен кезде саяхат сабағы әр аялдамаға белгілер қою, ол жердегі флора, фауна суреттерін алып қою, белгілеу т.с.с мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Интербелсенді тақта мүмкіндігін пайдаланып, ойын арқылы оқытуға болады. Өз тәжірибемде пазыл жинау, яғни картаны кесіп, алмастырып, қайтадан жинау.

Электронды оқулықпен жұмыстың жасаудың мүмкіндіктері көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқадым.
Мен PINACLE , VIDEOSTUDIO бағдарламалары арқылы 8 сыныпта өтілген Қорықтар тақырыбына әр түрлі анимацияларды, эффекттерді пайдаланып, бейне ролик жасадым. Бейне роликты микрофон арқылы қорықтар туралы мағлұматты дауыс ретінде енгіздім.
Ғалам тормен жұмыс – тақырыпқа байланысты материалдарды тауып, оларды топпен талқылау жүргізу оқушылардың жан-жақты өз бетінше сыни тұрғыдан ойлап, білім алуға, диалогтік қабілетін арттыруға дағдыландырады екен.

Мектебімде ғаламтор тек қана бір компьютерде болғандықтан оқушыларым ұялы телефон арқылы Opera Mini , Opera Mobile Java бағдарламасы арқылы Google іздеу сайтынан Википедиядан мағлұматтарды алып, талдау жұмысы жүргізді.
Нұсқаулықтағы 68 беттегі wiki бетін жаратылыстану ғылымдарының сабақтарында пайдалану мысалын пайдаланып төмендегі жұмысты атқарып көрдім.

Сабақ басталғанға дейін мен бес оқушыдан тұратын топты ұйымдастырдым. Мен оқушыларды тек олардың қабілеттерін ғана емес, тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, ең тиімді комбинациялар жасайтындай етіп топтастыруға тырыстым. Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған болуы мүмкін еді және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.

Wiki беттерінде топ ішінде талқылауға түрткі болатын бастапқы материалдың белгілі бір мөлшері болды. Әртүрлі топ үшін түрлі мөлшердегі материалды таңдауыма барлық оқушылар үшін тапсырмалар спектрін қамтамасыз ету себеп болды. Ал бір топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен атауы берілді.
Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тартуды қамтамасыз ету

Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki-ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы сабақта Википедия деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып толық ашылған жоқ. Оқушыларды тарту және оларды әрекеттерге қатыстыру үшін, оларда біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті сенімділігі болуы тиіс.
Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір-бірінің жұмысын емін-еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді дұрыс пайдалануын дамытуға көмектесті.

Осы уақытта менің байқағаным оқушылар бір – біріне көмектескенде сөйлеу мәдениетінің дамуына, серіктесінің оймен санасып, құнды екенін түсінді.
Сабақтың ұйымдастыру, қорыту кездерінде рефлективтік бейне роликтер көру арқылы, сабақтың тақырыбын анықтау, пысықтау, электронды тест, электронды карточкалар арқылы қорытынды шығару, өте қолайлы және тиімді болды.
АКТ-ны енгізу кезінде менің тәсілдеріме көптеген өзгерістер пайда болғанын байқадым:

Кеше Бүгін
• Кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу
• Мұғалім оқушыға білім береді
• Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі
• Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады
• Нені білуді және нені еске сақтауды шешу
• Мұғалім оқушыларды ақпаратты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі
• Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі
• Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады

Бұдан кейін өз сабақтарымда ақпараттық коммуникативтік технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, өз бетінше жан-жақты білім алуға бағыт-бағдар беруді мақсат қойдым. Ол үшін мен өзім жан-жақты білімімді жетілдіруім керек.
Мен сабақтарымда тек қана АКТ-ны пайдаланып қана шектеліп қоймай, Сыни тұрғыдан ойлау , Білім алудағы жаңа тәсілдер , Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау , Талантты және дарынды балаларды оқыту , Білім берудегі басқару және көшбасшылық модульдерді пайдаландым. Менің ойымша, осы 7 модульді жұмыс барысында қолдану өте тиімді болады. Осы модульдерді пайдалана отырып әр адам өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.


Скачать


zharar.kz