Ардақтайық қазақтың ата салтын!
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың салт дәстүрлері, олардың түрлері, халық арасында кеңінен қолданылатын дәстүрлер, қолданылудан қалып бара жатқан дәстүрлер, ырымдар мен тыйымдар, діни мейрамдар туралы түсіндіру
Оқушыларды ұлтжандылыққа, Отаншылдыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Домбыра, бесік, оюлы төсеніштер, ұршық, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Біз қазақ деген, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз, дәстүрімізді сақтай білген елміз деп Қазыбек бабам айтқандай, ен даланы жайлаған, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге ұлттардан бөлініп тұратын салт - дәстүрлері бар.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы, салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып өз жалғасын табуда. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздағы айтылатын салт - дәстүр, әдет - ғұрыптар туралы ой халқымыздың қазынасының мыңнан бір тамшысы деп қабыл алыңыздар.
Ән: Нағыз қазақ
Тақпақтар:
Армысыңдар аңсаған дана халқым
Сәлем беру ежелгі ата - салтым.
Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ
Бір мақсатқа арналған арман талап.
Танымасаң танып ал мен қазақпын
Жаным жайлау, көңілім кең қазақпын.
Ұлысым бай нұр жері кең қазақпын
Ырысым бай нұр жері кең қазақпын.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып
Ер жеттім ен далада лықа тойып.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен
Құрсағыма сыйдырам даланы кең,
Пәк сәбимін бесікте гуілдеген
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын, жұлқынғанда
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Тілім барда қазағым бар халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар
Қазақпын мен қазақтың тентегімін
Жау шебінде сыналған семсерімін.
Тайыз емен тереңмін, тамырлымын.
Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.
Көтердік сәлде болса еңсемізді
Ел болайық қызығар көрсе бізді,
Жаңғыртып ата дәстүр салт – санамыз.
Халқыма имандылық берсе ізгі.
Ардақтап аталардың зиялы атын,
Күн келді дәстүр үшін ту алатын.
Қашанда ата жолын ұмытқандар
Ұлыстың ұлы күні ұялатын.
Би: Аққу
Баланы тәрбиелеуде ырымдар мен тыйымдардың алатын орны ерекше. Атам қазақ тыйым сөздер арқылы баланы жат қылық, жаман әдеттен сақтандырып отырған. Енді кезекті ырымдар мен тыйымдарға берейік.
Қазақ ырымдары
1. Бала бас ұстамайды, бас ұстаса әкесі өледі деп ырымдаған.
2. Ми жемейді, мидай былжыр, бос белбеу болады деп есептеген.
3. Омыртқаның жұлынын жесе суға кетеді деген ырым бар.
4. Жіліктің майын жесе, мұрнынан боқ ағады деген ырым бар
5. Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдында құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келеді деп қуанады. Оны төрге апарып 3рет аунатады.
6. Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын ешкімге байлатпайды, несібесі кетеді, аңшылықта жолы болмайды деген.
7. Сәби тоңқайып екі аяғының арасынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді деген.
8. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды., мұсылманның шариғат заңында бұл ауыр күнә болып есептелінген.
Қазақ тыйымдары
Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел жұрттан бөлінудің, үлкеннің
жолын кесу - әдепсіздіктің белгісі.
Дастарқанды нанды баспа. Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Құдыққа түкірме, беліңді таянба.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Қойшыбаева Уміт