Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Скачать

Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Ахмет Гүлзира Жолшықызы.

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру. Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Сөздерді өз бетімен септей білуге үйрету. Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазбаша, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Достыққа, татулыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, семантикалық карталар, суреттер, үлестірмелі қағаздар.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: Топтық, ұжымдық, өзіндік жұмыс; деңгейлік тапсырмалар, Ой қозғау , Кім жылдам? , Ойлан тап! ойындары.
Күтілетін нәтиже: Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз ойын жеткізе алады, топтар өзге топтарды тыңдауға үйренеді, сабаққа қызығушылығы артады.
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы: Сұрақ - жауап алысуда, топтық жұмыстарын қорғағанда жүйелі сөйлеуге дағдыланады.

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сыныпты ұйымдастыру. Психологиялық тренинг. 1. Оқушылар шеңберлеп тұрып, бәрі бірге тақпақ айтады.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар жырлаған дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сен,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2. Оқушылар жұмбақ шешу арқылы 4 - топқа бөлінеді.
1. Қыс
2. Жаз
3. Көктем
4. Күз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау. Тексеру.
67 – жаттығу 133 - бет. Сөздердің шығыс септігінде тұрғанын дәлелдеп, сөйлем құрау.
Оқушылар сөздерді шығыс септігінде тұрғанын дәлелдеп, құраған сөйлемдерін оқиды.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау
Сөзжұмбақ
Шымтезектен пайда болған
Қазба едім басында.
Соңғы екі әріп орнына
“Ек” буынын қолдансаң,
Сөз шығады қайырымды жанға тән.
Бұйрық райын етістіктің
Енді жалға “тес” сөзін,
Сонда шықты жетіншісі септіктің.
Оқушылардың ойын білу, ойларын ортаға салады, мұғалімді тыңдайды.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс.
69 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіру, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Ереже шығару.
Көмектес септіктегі зат есімдер Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен? деген сұрақтарға жауап береді. Көмектес септігі атау септікке – мен. – бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.
Оқушылар сөйлемдерді көшіріп, сөздерге сұрақ қояды, ережемен танысады.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz