Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, Ақбота балабақшасының тәрбиешісі
Амирова Гульмира Догдырбаевна
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, табиғатты аялап, әсемдікті көріп, сезінуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд, қыс мезгіліндегі орман табиғат көрінісі.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, үйрету, сұрақ – жауап, сергіту сәті, д ойын, тақпақ, қорыту, мадақтау.
Билингвальді компонент: Қыс - зима, аяз - мороз, қар – снег, аққала – снеговик.
Жаңа сөз: Коньки.
Оқу іс – әрекет кезеңдері
Педагогтің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын, амандасып алайық.
- Сәлеметсіңдер ме?
Шаттық шеңбер:
Кәне балалар, шаттық шеңбер құрып, бір – біріңнің қолдарыңнан ұстап, жылы лебіздерімізді тақпақпенен білдірейікші
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Айтқан тілді аламыз,
Достарымды көргенде.
Қуана қарсы аламыз.
Ұйымдастырушылық ізденістік - Балалар мен сендерге өлең оқимын, бұл қай мезгілді білдіріп тұр.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды,
Қар омбығып.
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
- Жарайсыңдар дұрыс айтасыңдар!
Сұрақ – жауап:
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыс мезгілінің ай аттары қалай аталады?
- Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Қыс мезгілінде қандай ойындар білесіңдер?
Сергіту сәті:
Алақай, алақай,
Шапалақ ұрамыз.
Алақай қыс келді.
Қар лақтырып ойнақтап,
Топ – топ алға басамыз.
Айналамыз, айналамыз,
Әсем әнге саламыз.
- Балалар қардың түсі қандай?
- Сендер қарды басып жүргенде қандай дыбыс естисіңдер?
- Ендеше орманға саяхатқа барсақ қайтеді?
- Немен барайық?
- Шанаға дұрыстап жақсылап отырайық Алдымыздан ұйытқып қар боран соғады. Сақ болыңыздар!
(Топты іші безендірілген орман )
Міне орманға да келіп жеттік. Қандай неткен көркем тамаша табиғат. Барлығымыз таза ауа мен терең тыныс алайық.
(Осы уақытта боран соғылған әуеннің даусы естіледі )
- Қар ханшайым: Кім орман тыныштығын бұзған!
- Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе? Қар ханшайым, біз орманның тыныс - тіршілігін тамашалауға келіп едік.
- Қар ханшайым: Егер сендер менің жүрегімді жылытып, суытпасаңдар мен сендерді мұзға айналдырып жіберемін!
- Менің мезгілімде келіп қалған екенсіңдер, қыс туралы не білесіңдер!
- Тәрбиеші: Қар ханшайым, біздің балалар
қыс мезгіліне байланысты тақпақтар біледі.
- Кім айтады балалар?
Әділжан: Өстіп міне қар түсті,
Бола қалды дала аппақ.
Қар лақтырып үсті - үсті,
Балалар жүр жүгіріп.
Әмина: Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалады артта қар алап,
Іздеріңнен қар ұшып.
Сержан: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Қар ханшайым: Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп отыр? Егерде сұрақтарыма жауап бермесеңдер мен сендерді мұзға айналдырып жіберемін!
Тәрбиеші: Балалар қар ханшайымның сұрақтарына жауап береміз ба?
- Ағаш басына назар аударыңдар!
- Балалар, қандай құстар ағаш басында отыр?
- Олар қандай құстар екен?
- Жарайсыңдар балалар!
- Қар ханшайым:
- Мына бұта түбіне қараңдаршы, мұнда бізден жасырынып қандай жануар отыр? Жүні қандай?
Тәрбиеші: - Балалар, біз қоян туралы ән білеміз ғой? Кәне қар ханшайымына ән айтып, би билеп берейікші.
Қар ханшайым: Бұл сұрақтардан сүрінбей өттіңдер!
Олай болса, мен сендерге қыс мезгіліне байланысты жұмбақ жасырамын алсендер шешіп көріңдер!
Жұмбақ:
1. Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.