Сынып: 3 А
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу
Білімділік мақсаты: 5 – ке көбейту кестесін және соған сәйкес бөлу жағдайларын құрастыру. 5 – ке көбейтудің кестелік жағдайлары туралы түсінікті, тапсырмаларды ойын түрінде өткізу.
Дамытушылық мақсаты: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді, теңдеулерді шешуде есептеу
дағдыларын жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар есептерді шығару арқылы біліктілігін, дамытушылық ойын қалыптастыру. 5 - ке көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті, сатылай кешенді
талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактив, слайдтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушылармен амандасу. Құрал - жабдықтарын
дайындатып, назарларын сабаққа аударту.
Үй жұмысын тексеру: - Балалар біз өткен сабақта не өттік?
- Заттардың құнын табу үшін не істейміз?
- Ал санын табу үшін ше?
- Енді үйге берілген тапсырманы тексерейік. №3 есеп, амалдарды орындау.
Психологиялық дайындық. Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Түсінсең жаңа сабақты,
Қойылар жақсы бағасы.
Миға шабуыл:
• Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)
• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?(2 кг)
• Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?(4)
• Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды(1)
Жаңа сабақ. – Балалар бүгін біз сендермен 5 - ке көбейту және бөлу
кестесімен танысамыз.
5 * 5 = 5+5+5+5+5
- Яғни 5 - ті 5 рет қосамыз, 5 - ті 5 рет қосқаннан 5 - ті 5 - ке көбейту жеңілірек.
5 * 6 = 5+5+5+5+5+5
5 * 7 = 5+5+5+5+5+5+5
5 * 8 = 5+5+5+5+5+5+5+5
5 * 9 = 5+5+5+5+5+5+5+5+5
Сол сияқты:
25: 5 = 5 себебі 5 * 5 = 25
30: 5 = 6 себебі 5 * 6 = 30
35: 5 = 7 себебі 5 * 7 = 35
40: 5 = 8 себебі 5 * 8 = 40
45: 5 = 9 себебі 5 * 9 = 45
50: 5 = 10 себебі 5 * 10 = 50
- Енді Абай атамыз айтқандай:
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігінтап та бар қалан
- Абай атымыздың сөзін есепке алып, біз сендермен үй құрастырып көрейік. Үй құрастыру үшін бізге кімдер керек?
- Дұрыс, бізге экономист, сәулетші, құрылысшы, шатыр салушы, сылақшы, әрлеуші, бағбаншы керек. Енді олардың әрқайсысының тапсырмалары бар екен.
- Орындаймыз ба?
- Жақсы онда кім бірінші тақтаға шығады?
- Сөз есеп бізде неден тұрады?
- Қанеки атай ғой.
- Ал енді осы сызбаға сүйеніп оқулықтағы № 7 есепті шығарайық.
М - 5 (кг)? (кг)
Қ – 7
Ш: 5 * 7 = 35
Ж: Массасы 35 кг.
Бекіту.
Сәулетші. Есепті шығар:
6●5 =
25: 5 =
30: 5 =
7●5=
35: 5=
5●8 =
40: 5=
5●9 =
45●5 =
Құрылысшы. Қалдықпен бөлуді орында.
6: 5=
7: 5=
8: 5=
9: 5=
11: 5=
12: 5=
15: 5=
40: 8=
Әр қалдықты бөлгішпен салыстыр, қандай қорытынды жасауға болады?
Шатыр салушы. Сергіту сәті.
- Балалар қазір барлығымызда көздерімізді сағаттың тіліндей айналдырамыз, оңға, солға.
- Ал енді басымызды оңға, солға төрт реттен.
Сылақшы. Тура теңсіздіктер шығу үшін бос тор көздерге сандарды жаз.
45: 5 +5 35: 5 - 2*3 9 -
30: 58*
Әрлеуші. 4*b өрнегінің мәнін тап, мұндағы b = 1; 2; 5; 8; 9; 0.
4*1=4 4*8 = 32
4*2 =8 4*9 = 36
4*5 = 20 4*0 = 0
Бағбаншы.
5*1 =5
5*2=10
5*3=15
5*4=20
5*5=25
5*6=30
5*7=35
5*8=40
5*9=45
5*10=50
Ойын. – Балалар қазір біз сендермен Үйдің нөмірін табу ойынын
ойнаймыз.
Қорытынды. – Балалар сабақ сендерге ұнады ма?
- Не істедік?
- Қандай есептер шығардық?
- Қандай ойын ойнадық?
- Сау болыңыздар!
Үйге тапсырма. № 8, 102 - бет, көбейту кестесін қайталау.
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау.