Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Міндеті: 1. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
2. Оқушылардың сауаттылығын, ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Олардың сабаққа деген белсенділігін, іздену, шығармашылық ойлау, талдау, салыстыру, көркемдік қабілеттерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: Алма ағашы , стикер, тірек сызбалар, топтық бағалау бетшесі, вагон суреттері, ребус, бағдаршам түстері.
Оқу нәтижесі: Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болып екіге бөлінетіндігін біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Сұрақ - жауап, тірек - сызбалар, ойын, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыстар.
Психологиялық дайындық
- Бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз қонақтармен амандасайық.
Амандасу рәсімі:
Ал өздерің көңіл - күйлеріңді суреттеңдерші.
(күн, бұлт, жаңбыр)
- Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!
Үй жұмысын тексеру
- Енді өткен сабақтарда алған білімдерімізді еске түсірейік. Тақтада сұрақтар алма ағашында ілініп тұр. Сол ағаштан сұрақтар алып, жауап беріп көрелік. Қане, кім шығады?
а) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
ә) Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
б) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
в) Бастауыш деген не?
г) Баяндауыш дегеніміз не?
Жаңаөзен қаласы,
№10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Озганбаева Мереке Бегалиева
3 сыныпқа арналған жоспары
Жалаң және жайылма сөйлем жүктеу