Барлық әріп бағалы

Скачать

Білім беру саласы: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту.
Білімділік мәні: Балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру. Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сауат ашу және жазу дәптеріне Р р әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық мәні: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиешілік мәні: Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, магнит тақта, тірек сабақ, дидактикалық ойын, ғажайып кезең, буындар текшелер.
Әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап; түсіндіру.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбер
Балалардың бір - бірлеріне жүрек жылуларын сыйлау.
Темірлан сен ұқыпты баласың. Дарина сен әдепті баласың. Шарапат сен еңбекқор баласың.
Балалардың А, Т, П, Н, Ғ - алдарында таңбалары жазылған әріптерімен шеңбердің ішінде тұрады.
Р әріпі жазылған бала А, Т, П, Н, Ғ таңбалары бар балаларға қосылмақшы болады. Р әрпінің таңбасы жазылған бала шеңберде тұрған балалардан сұрайды, сендер кімсіңдер?
А Алма, алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай - ау алақай
А дыбысын білеміз
Мен А әріпімін

Т Тайға мініп шабамыз
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ тайлақ тауықтан
Т дыбысын табамыз
Мен А әріпімін

П Бала отыр партада
Оқы, үйрен шаршама
П дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа
Мен П әріпімін

Н Нан - әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар - түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы
Мен Н әріпімін

Ғ Ғасыр, ғылым ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар
Ғарышкерлер ұшқанда
Жасайды ғажап қадамдар
Мен Ғ әріпімін

Ал, сен кімсің?
мен Р әріпімін
Ризамыз оқуға
Ретімен тоқуға
Р - ды айту қиын - ақ
Кейбіреулер қорқуда

Т, П, Н, Ғ бір - бірлерінен сұрайды бізге Р әрпі керек пе? Жоқ керек емес. А әрпі ойланып тұрып неге бізге Р әрпі керек емес? Мысалы: Раушан, ара, тарақ, шар деген сөздерде р әрпі бар. А әрпі дұрыс айтады бізге Р әрпі өте қажет. Қазір біз сол Р әрпімен танысамыз. Балалар орындарына отырады. Р әрпі дауыссыз дыбыс, р әрпін айтқанда тіліміз, тісімізге тиіп р дыбысы шығады. Тісімізге, тілімізге, ернімізге кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Сондықтан Р дыбысын көк текшемен белгілейміз. Қолымызға айнаны алып өзіміз айтып көреміз.
Р әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кезігеді. Р әрпі бар сөздерді айтамыз. Радио, домбыра, жаңбыр, көгершін т. б
1 - тапсырма: Ара деген сөзге дыбыстық талдау жасайық а - р - а деген сөзде 2 дауысты 1 дауыссыз 3 әріп, 3 дыбыс бар.
2 - тапсырма: Р әрпі бар сөзге сөйлем құрастырайық. Сөйлем бас әріптен басталып, сөздің соңында нүкте қойылады.
Балалар сендер әріптерді өткенде соларға байланысты тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтып береді? А, Т, П, Н дыбысына байланысты 3 - 4 бала тақпақ айтады.
3 - тапсырма:
Енді тақтаға қарап мына жол тақпақты жаттайық.
Ракета зымрап
Ғарышқа оны ұшырам.
Аспанға қарап ай көрдім.
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

4 - тапсырма: Тірек сызба арқылы сөз құрайық.
а - та, а - па т. б

5 - тапсырма
Р әрпі кездесетін суреттерді шеңбердің ішіндегі қызыл қалтаға саламыз, р әрпі жоқ суреттерді шеңбердің сыртындағы көк қалтаға саламыз.
Екінші шеңбердің ішіндегі қалтаға сандарды саламыз, шеңбердің сыртындағы қалтаға р әрпі жоқ суреттерді саламыз.

6 - тапсырма:
Алдындағы тақтайшаға өткен әріптерді ризинка тарту арқылы жазамыз, оған бүгін өткен р әрпін жазу керек. Р әрпін жоғарыдан төмен таяқша етіп басынан ортасына дейін сопақша етіп жазамыз тақтаға жазып көрсету.
Дидактикалық ойын: Р әрпі бар сөздерді айтқанда қол шапалақтау, р әрпі жоқ сөздерді айтқанда қолдарын тығу.
Қорытындылау:
Бүгін қандай әріппен таныстық. Қандай текшемен белгілейміз?
Р әрпі дауыссыз дыбыс.
Барлық әріп бағалы.
Айтып әділ бағалы.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
А, Т, П, Н, Ғ әріптері бар 1 қызыл, 5 көк шарды аспанға ұшыру.


Скачать


zharar.kz