Сабақтың жоспарымен таныстыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Ондықтан аттап 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. 5 санын қосудың кестелік жағдайларын, азайтудың сәйкес жағдайларын, 2 амалмен орындалатын есептерді шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, ақыл – ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілі: ой қозғау, сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
Көрнекілігі: 5 санын қосу кестесі, сабақтың жоспары, ребус.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімді білу үшін тапсырмаларын орындауымыз керек.
Сабақтың жоспары:

І. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Ой ашар
ІV. Ой қозғау
V. Сергіту сәті
VI. Ой толғаныс
VII. Қорытынды

1 2 3 4 5 6
1. Психологиялық дайындық
Ойнап, күліп аламыз,
Оқып, білім аламыз.
Ребустар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз,
Шынықтырып денені,
Батыр, алғыр боламыз.
10 20 30 40

2. Үй тапсырмасы.
Үйге берілген 6 - тапсырманы 3 топтан 1 - оқушыға оқыту. Үш топты жарыстыра Кім шапшаң ойынын ойнату.
2, 3, 4 сандарының қосу кестесін жатқа айтады.

3. Ой ашар.
4+5
5+4
Жаңа сабақ.
Ребус шешу. 5-ті қосу және азайту.
1 сыныпта өткен 5-ті қосу кестесін еске түсіру.
6+5, 7+5 жаңа тақырыпты көрнекілік арқылы түсіндіру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
А+5
х - 5
4. Ой қозғау.
Оқулықтағы 1 - тапсырманы 3 топтан оқушылар шығып түсіндіре орындайды.
2 - тапсырма ауызша орындалады.

3 - тапсырма. Математикалық диктант түрінде орындалады.
(7+3)+2=12 (12 - 2)- 3=7
(8+2)+3=13 (13 - 3)- 2=8
(9+1)+4=14 (14 - 4)- 1=9
Оқушылар тек жауаптарын айтады. Оқушылар жауабы тыңдалады.

5 болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер – білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Оқулықтағы 4, 5 – тапсырмалар оқылып, талданып шешуі жазылады. Неше амалмен орындалатыны айтылады.

4 - есеп.
Жылқышы – 6
Шопан -? 5 артық
5 - есеп.
1 - ші – 24
2 - ші -? 4 - кем
Шығармашылық тапсырма.
Оқушылар ойлана өздері керекті амалды қоюлары тиіс.
(9 - 2)- 6=1 (9+2)- 10=1
8 балаға перфокарта таратылып беріледі. Қалған балалар 5 санын қосу кестесін сызба арқылы жарыса орындайды.

Не үйреніп, не білдік? – балалар сабақты өздері қорытындылайды.
Бағалау:
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Үй тапсырма:
6 - тапсырма. 5 санын қосу және азайту кестесін жаттап келу.


Скачать


zharar.kz