Жолда жүру ережесін білесің бе?
Мақсаты: - Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету;
- Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;
Көрнекілік: бағдаршам, сызылған жол, жол белгілері.
Өтілу барысы:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.
- Арманға, алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басыламыз,
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
- Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталсын сәлемменен.
Мұғалім: - Балалар! Бүгінгі біздің Жол тәртібін сақтаймыз! атты тәрбие сағатына мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас автоинспектор келіпті. Біз оны ортаға шақырып, сөз кезегін берейік. (МАИ қызметкерінің формасын киген бала ортаға шығады)
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ, тоқта, жүр дейді.
- Бағдаршам!
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!
- Мынау қандай белгі? Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді
Жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған!
Тыйым салу белгісі. ( Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)
Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!
Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)