Тақырыбы: Логарифмдік теңсіздіктерді шешу
Мақсаты:
1. Оқушыларға логарифмнің қасиеттерін қолданып, теңсіздіктерді шешуді, анықталу облысын таба білуді меңгерту.
2. Логарифм ұғымы бойынша білімдерін дамыту, ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.
3. Оқушылардың теориялық білімін есеп шығаруда сенімділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже Оқушылар логарифмдік теңсіздіктердің қасиеттерін қолданып, түрлендіре біледі.
Тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындап, есептер шығара алады.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Оқушылар диалог құру арқылы сыни ойлауға үйренеді, берілген білімді ұзақ сақтауға ықпал ету. Оқушылардың топпен бірлесе отырып, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, мозайка әдісі, бағалау критерийлері
Ресурстар: Маркер, смайликтер, ашық журнал, кеспе қағаздар, бағалау шкаласы
1. Ұйымдастыру - 2 мин Оқушылармен сәлемдесіп, сынып тазалығына көңіл бөлу.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, әрбір оқушы өз есімімен сәйкес математикалық терминдер айтады.
Оқушылар санау арқылы (1, 2, 3, 4) топқа бөлінеді.
1. Мағынаны тану
Өткен тақырып бойынша әрбір топқа тапсырмалар беріледі.
Постерлерін қорғайды
1. Венн диаграммасы
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау
2. Сәйкестікті анықтау
Логарифмнің қасиеттерінің дұрыс жауаптарын анықтап, сәйкестендіру
3. Оқушыларға Фишбон әдісі бойынша тапсырма беріледі.
4. Көрсеткіштік, логарифмдік функцияларының графиктерінің өзара орналасуын салуды тапсырады.
5. Сәйкестікті анықтау
Оқушыларға тақтаға деңгейлік тапсырмаларды сәйкестендіру арқылы деңгейлік тапсырмалар орындайды, дұрыс табылған әріптерді өз орындарына қойып, кестені толтыру. Жауаптар дұрыс табылғанда Талапкер, сәттілік сөзі шығады.
6. Тапқыр болсаң талас жоқ
Тақтаға 4 топқа 4 логикалық тапсырмалар беріледі
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау
9. Рефлексия
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Атамекен ауылы, Жібек жолы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәні мұғалімі Есенбаева Алтынкүл Нарметовна
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу. жүктеу