Сабақта диалогке керекті сөздер

Скачать

Қысқа мерзімді жоспар
Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: Л дыбысы мен әріпі. Асханада
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1. 1. 5. 1 Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу,
1. 1. 6. 1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым - қатынас құралдарын (ым - ишара, қимыл) қолдану
1. 1. 6. 2 Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолдану
1. 2. 9. 1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1. 3. 12. 1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.
Тілдік мақсат: Тірек сөздер: асхана, дәліз, киім ілетін орын, бұрыш, кітапхана, баспалдақ, мұражай.
Сабақта диалогке керекті сөздер:
- Біз қай жерде тыныш жүруіміз керек?
- Қай жерде жүгіруге болады?
- Қай жерде қаттырақ сөйлеуге болады?

Алдыңғы оқу: Оқушылар үлкендермен сөйлескенде сыпайы сөйлесу, мектеп дәлізінде сабақ болып жатқанда тыныштық сақтау керектігін біледі.
Басы 0 - 5 минут
Ширату.
"Үнсіз хор"
Жазда өлеңін 3 түрлі айту.

Ортасы 6 - 24 минут
Асхананың суретін көрсету.
Асханаға саяхатқа шығатындарын хабарлау.
(Ө) Саяхатта көргендерін ым - ишарамен көрсету.
Сынып бөлмесінің ішіне мектептегі негізгі орындарды жазып іліп қоямын.
(асхана, дәліз, киім ілетін орын, кітапхана, баспалдақ)
Әр оқушы сол сөзге жақындағанда өз іс - әрекетін қимылмен көрсету керек.
Мыс: киім ілетін орынның қасына барғанда киімін шешіп іліп жатқандай қимыл жасау керек.
(Ж) Өзара сөйлесу.
(Т) Бүгінгі айтылған сөздерден л дыбысы бар сөздерді қайталау.
Мыс: дәліз, киім ілетін орын, баспалдақ т. б.
Электронды оқулықпен жұмыс
Тыңдалым
- Л дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Л л әріпімен таныстыру.
Кеспе сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Жазылым
Көркем жазу.
Л л әрпін үлгі бойынша жазу.
Ширату.

Соңы 25 - 35 минут
- Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Ол дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
Егер бүгінгі сабақты жақсы түсінсеңдер күннің, әлі де түсінбеген болсаңдар бұлттың суретін көтеруді сұраймын.

Мектеп: Шаған ЖОББМ
Мұғалімнің аты - жөні: Мухамбетжанова С. О.

Л дыбысы мен әріпі. Асханада. жүктеу


Скачать


zharar.kz