ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ.
Мақсаты: Оқушыларды ұжымшылдыққа, іскерлікке, жауапкершілікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Логикалық ой - өрісін, қызығушылық қабілеттерін арттыру, дүниетанымын, интеллектісін дамыту.
1 - ші жүргізуші: Құрметті қонақтар, достар! Физика және астрономия ғылымдары бойынша Жұлдызды кеш атты кешімізді бастаймыз.
2 - жүргізуші: Аспан әлемінде 12 жарық жұлдыз бар. Оның әрқайсысы үш - үштен төрт стихияға бөлінеді.. Ол стихиялар: От, Жер, Ауа, Су
І топ. От стихиясы. Белгілері: Тоқты, Арыстан, Мерген.
ІІ топ. Жер стихиясы. Белгілері: Торпақ, Тауешкі, Бикеш.
ІІІ топ. Ауа стихиясы. Белгілері: Егіздер, Таразы, Суқұйғыш.
ІV топ. Су стихиясы. Белгілері: Балық, Шаян, Сарышаян.
1 - ші жүргізуші: От стихиясының жұлдыздарын ортаға шақырамыз.
От - таусылмас күш қуаттың қайнар көзі. От стихиясындағы адамдардың өмірлік ұстанымы - өзін - өзі жетілдіру! Жебеуші ғаламшарлары: Марс, Күн, Юпитер.
2 - жүргізуші: Тоқты. Түсі қызыл, алтын сары. Тасы – алмаз, рубин, бриллиант. Апта күні - сейсенбі. Бақытты саны - 9. Өмірлік мақсаты - кез келген істе көшбасшы болу!
1 - ші жүргізуші: Мерген. Түсі – көк, күлгін. Тасы – топаз, бирюза. Апта күні - бейсенбі. Бақытты саны – 3. Ұраны – биік шыңдарға ұмтылу!
2 - жүргізуші: Арыстан. Түсі - сары, қызыл сары. Тасы – рубин, алмаз, янтарь. Бақытты саны - 1 және 11. Өмірлік ұстанымы – кез келген істе мықтылық көрсету!
От стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді.. Көрініс қояды.
Сұрақтар: 1. Отты су қалай өшіреді?
2. Жұлдыз - жорамалға сенесіз бе?
1 - ші жүргізуші: Келесі топ Жер стихиясы.
Жер - бүкіл тартылыс күшінің орталығы. Оған қарайтын өкілдері сенімді, мықты, әрі тұрақты. Жебеуші ғаламшарлары: Шолпан, Прозерпина, Сатурн.
2 - жүргізуші: Торпақ. Түсі - жасыл, сарғылтым, көгілдір. Тасы - сердолик, ақ тастар. Апта күні - жұма. Бақытты саны - 6. Ұстанымы - менікі, тек қана менікі болу керек!
1 - ші жүргізуші: Тауешкі – қара, сұр, көк. Тасы - малахит, рубин. Апта күні - сенбі. Бақытты саны - 8. Ұраны - салмақты, байсалды өмір сүру!
2 - жүргізуші: Бикеш. Түсі – ақ, жасыл. Тасы - топаз, нефрит. Апта күні - сәрсенбі. Бақытты саны - 5. Өмірлік мақсаты - елге, өзіңе қызмет ету!
Жер стихиясы өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді. Өмір - кино дегендей кинодан үзінді көрсетеді.
Сұрақтар: 1. Жер стихиясының белгілері үшін өмірлері қызықты оқиғалар,
жағымды әсерлерге толы болады дегенге сенесіз бе?
2. Жер қыртысының жасы қанша жыл шамасында?
1 - ші жүргізуші: Ауа стихиясының жұлдыздарын ортаға шақырамыз.
Ауа – терең ойлау мен пайымдау стихиясы. Оның өкілдері тың идеяны ауадан ойлап табады. Олар адам баласының ең құнды қасиеттерін білдіреді. Жебеуші ғаламшарлары: Меркурий, Хирон, Уран.
2 - жүргізуші: Егіздер. Түсі – күлгін, қызыл сары. Тасы - топаз, изумруд, агат. Апта күні - сәрсенбі. Бақытты саны - 5. Ұраны - мен байланыстырамын!
1 - жүргізуші: Суқұйғыш. Түсі - көк, ақшыл жасыл. Тасы - аметист, гранат, циркон. Апта күні - сәрсенбі, сенбі. Бақытты саны - 4. Ұстанымы - сенім, үміт, тәуелсіздік!
2 - жүргізуші: Таразы. Түсі - ақшыл көк, қара көк. Тасы - опал, інжу, хризолит. Апта күні - жұма. Бақытты саны - 7. Өмірлік мақсаты - тепе - теңдікті сақтай отырып өмір сүру!
Ауа стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді. Фокус жасайды.
Сұрақтар: 1. Құралсыз көзбен айсыз түні горизонттан жоғары қанша жұлдызды көруге болады?
2. Жұлдыз - жормалдың сіздің өміріңізде алатын орны қандай?
1 - жүргізуші: Келесі топ Су стихиясы.
Су - барлық нәрсенің бастамасын, яғни түпкі негізін білдіреді. Су - барлық кедергілерден өтіп, өзгелердің шамасы келмейтін өмірдің түрлі салаларына араласа алады. Жебеуші ғаламшарлары: Ай, Плутон, Нептун.
1 - жүргізуші: Балық. Түсі - көкшіл, көк сұр. Тасы - аквамарин, сапфир, інжу. Апта күні - бейсенбі. Бақытты саны - 7. Ұстанымы - жан - жақтылық, достық, махаббат!
1 - жүргізуші: Шаян. Түсі - ақ сұр, көк сұр. Тасы - изумруд, рубин, хрусталь, ақ тастар. Апта күні - дүйсенбі. Бақытты саны - 2. Ұраны - мен сеземін!
1 - жүргізуші: Сарышаян. Түсі - қою қызыл, алқызыл. Тасы - топаз, аквамарин, гранат. Апта күні - сейсенбі. Бақытты саны - 9. Өмірлік мақсаты - өмірге үнемі өзгеріс енгізіп отыру!
Ауа стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады.. Өнерлерін көрсетеді. Физикалық тәжірибе жасайды.
Сұрақтар: 1. Сұлулықтың сыры неде?
2. Су стихиясына тән қасиеттер?
Көрермендер берген баллдары бойынша бір топ жеңімпаз атанады.