8 cынып
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. Допты беру әдістері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі мен спорт саласында қажетті білімдер беру. Жаттығу орындалатында ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Өтетін орны: Спорт зал.
Қажетті құралдармен жабдықтар: секундомер, ысқырық, фишка.
Сабақ бөлімі
І. Дайындық бөлімі
Ұйымдасқан түрде мектеп алаңына шығып бір қатарға сапқа тұру.
Түзеліңдер!
Тік тұрыңдар!
Кезекшінің баяндамасы
Сәлеметсіздер ме? Еркін тұрыңдар.
Сабақтың мақсатын хабарлау. Допты беру әдістері
Жалпы денені қыздыру жаттығулары.
Алаңды айналып жүру, аяқтың ұшымен, өкше мен табанның сыртқы, ішкі жанымен жүру.
Жүгіру жаттығулары - б. қ. қол белге қойып, аяқты жоғары көтере, қолымызды алға ұстап, тіземізді жоғары көтере жүгіру.
Аяқты артқа тастап жүгіру.
Оң, сол жанымен қолды алға, артқа айналдыра қозғау.
Артымен жүгіру, айнала жүгіру.
Аяқты айқастыра жанымен жүгіру.
Шапшаң жүгіру, жай жүгіріске көшу.
Дендерін қалыпқа келтіру, жүру.
ІІ. Қозғалыста гимнастикалық бойжазба жаттығуларын орындау. 15 мин.
Допты екі қолмен кеуде тұсынан беру.
- алақан мен саусақтар допқа тиіп беру;
- оқушы кеуде тұсында қолын жаза сілтеп лақтыру;
- допты екі қолмен кеудеден беру көбінесе жақынға беру кезінде қолданылады, доп берілетін серіктесі сәл қашықтау тұрса, кеудеден лақтыру қашықтығын арттыру үшін, алға қосымша қадам жасауға немесе жоғары секіруге болады.
Допты екі қолмен төменнен беру. Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарымен кездесу кезінде қолданады.