Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде
Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейтіп, бір - біріне қамқор болуға үйрету, таным, белсенділіктерін арттыру. Балалардың қызығушылығын оятып кейіпкерлермен бірге қуану - қайғыруды байқауға үйрету. Балалардың сөйлеу, тілін дамыту, ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауыс интонациясын дұрыс келтіріп айтуға дағдыландыру. Бір - біріне жанашырлық сезімдерін қалыптастыру, дос болуға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту. Эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, макеттері, муляждары, құрастырмалы үйлер.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, жаттықтыру, ертегіні рөлдерге бөліп көрсету, әңгімелесу, шығармашылық, өз бетімен жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
Саз әуені ақырын жүріп тұрады.
Жүргізуші:. Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін өткелі отырған Ертегілер елінде атты сахналық қойылымымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналық қойылымымызды ашық деп жариялаймыз.
Ән: Әке Орындайтын Төлеген Серім
Жүргізуші: келесі көретіндеріңіз Түлкі мен Қоян ертегісіне сахналық қойылым
Автор: Бір хандықта ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығы сонша, тіпті олар екеуі бір - бірімен көрші болып тұруды ұйғарады. Содан түлкі өзіне мұздан, ал қоян ағаштан үй салады екен. Жылдар жылжып, күндер өтеді. Қыс өтіп көктем де келеді. Түлкінің мұздан жасалған үйі су болып еріп кетеді, сосын түлкі қулық жасап, қоянның үйіне кіріп алмақ болып қоянға келеді.
Түлкі: Қоянжан, біз екеуміз дос едік қой, менің үйім мұздан жасалған еді, міне күн жылынып мұз да су болып еріп кетті, екеуіміз бірге тұрайықшы...
Қоян: Жарайды біз доспыз ғой бірге тұрсақ тұрайық.
Жүргізуші: Сөйтіп түлкі қоянның үйіне кіріп алып, қоянды далаға қуып шығады. Қоян жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Қасқыр кездеседі.
Қасқыр: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Қасқыр: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін. түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз.
Қасқыр: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын
Жүргізуші: Қасқыр қаша жөнеледі. Қоян одан да бетер жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Аю кездеседі.
Аю: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Аю: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін., түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз
Жүргізуші: Сөйтіп аю қоянның үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Аю: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын Аю қаша жөнеледі. Қоян одан да қатты жылай бастайды
Қоян жылап отырғанда, оған Әтеш кездеседі.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін біз түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз. КУ - КА - РЕ - КУ?
Уәзір: Әтеш пен қоян үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен пештен түсіп жатырмын.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен киініп жатырмын.
Әтеш: КУ - КА - РЕ - КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен шығып келемін.
Жүргізуші: Түлкі әтештерден қорқып, үйден жүгіріп шығып қаша жөнеледі. Сөйтіп қоян түлкінің кеткеніне қуанып, әтештерге рахметін айтады.
Қоян: Рахмет сендерге, сендер менің үйімнен түлкіні қуып жібердіңдер.
Жүргізуші: келесі тамашалайтындарыңыз Қызыл телпек ертегісі
Автор: - Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында Қызыл телпек өмір сүріпті. Ол анасымен бірге тұрыпты. Бір күні анасы:
Анасы: - Қызым, мен әжеңе арнап тоқаш пісірдім, сол тоқашты апарып бер. Жолда жүргенде сақ бол. (Қызыл телпек тоқашты алып кетеді.) Осылайша Қызыл телпек әжесіне асығып жолға шықты.
Ұзақ жол жүрген Қызыл телпек адасып қалады. Не істерін білмей жылай бастайды. Осы кезде музыканың дыбысы естиді.
Бременьский музыканты (ит, бала, есек, әтеш мысық) Әншілер Қызыл телпекті Тасбұлақтың сайына жеткізіп тастайды.
Жолай Қызыл телпекке Қасқыр кездеседі
Қасқыр: - Қызыл телпек сен қайда асығып бара жатырсың?
Қызыл телпек: - Мен әжеме тоқаш апара жатырмын.
Қасқыр:- Әжең қай жақта тұрады?
Қызыл телпек: Орманның арғы жағында тұрады.
Осылайша қасқыр айласын асырмақшы болып, әжесінің үйіне бет алады. Қасқыр әжесінің есігін қағады.
Әже: - Кім бұл?
Қасқыр: - Мен ғой әже Қызыл телпек немерең. Мен сізге тоқаш алып келдім.
Әже: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң есік ашылады
Автор: Есікті ашып әжені жұтып қояды. Қасқыр әженің орнына жатып алады да, Қызыл телпекті күтеді.
Қызыл телпек есікті қағады. – Әже мен ғой Қызыл телпек немерең, мен сізге тоқаш әкелдім.
Қасқыр: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң, есік ашылады.
Қызыл телпек үйіне кіреді.
Әжесінің жанына барып,; - Әже көзің неге үлкен?
Қасқыр: - Сені жақсылап көру үшін
Қызыл телпек: - Құлағың неге үлкен?
Қасқыр: - Сенің сөздеріңді есту үшін
Қызыл телпек: - Тістерің неге үлкен?
Қасқыр: - Сені жеу үшін
Қызыл телпекті қасқыр жұтып қояды.
Ормандағы аңшы қатты дауысты естіп қалады да, әжейдің үйіне келіп, қасқырды көріп атып салады. Қасқырдың іші жарылып, әжей мен Қызыл телпек шығады.
Қызыл телпек тоқашты әжесіне береді, әжесі қатты қуанады.
Жүргізуші: келесі кезек әнде. Ән: Ертегілер
Орындайтын: Айгерім Құлжанова
Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар осымен біздің Ертегілер елінде атты сахналық қойылымымыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар.