Петропавл қаласы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Кокушева Сауле Аскаровна
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
1 - жүргізуші:
- Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Қош келдіңіздер!
1 - оқушы:
Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
2 - оқушы: - Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
- Ендеше әдеп бойынша біз қазір бір - бірімізбен амандасайық! (парақшаларда жазылған әр елдердің амандасу түрлерін айтып амандасу)
- Қазір, балалар, мен сендердің қаншалықты әдепті екендігін көргім келіп тұр: мен сендерге сұрақтарды қоямын - әдеп болса - қол шапалақтаңдар, әдепсіздік болса - аяқтарыңмен тебініңдер.
• Кездескенде амандасу?
• Біреуді итеріп кешірім сұрамау?
• Жерге түскен затты көтерісу?
• Кішіні ренжіту?
• Мектепке кірерде бас киімді шешу?
• Сыйлық үшін рахмет айту?
• Қатты сөйлесу?
• Біреулер сөйлескенде сөздерін бөлу?
• Көршіңді мазақтау?
• Кешіккен үшін кешірім сұрау?
• Кетерде қоштаспау?
• Ата - аналарға көмектесу?
• Ысқыруға болады?
• Достарды, айналадағы адамдарды құрметтеу?
• Автобуста үлкендерге орныңды беру
• Дәлізде жүгіріп адамдарды соғып кету?
• Үлкен ағаны сыйлау?
• Ата – ананың тілін алмау керек?
3 - оқушы:
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
4 - оқушы:
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
1 - жүргізуші:
Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Қазір біз 3 Ә сыныбының Бейтаныс бала шағын көрінісін тамашалаймыз.
3 Ә сыныптың 6 оқушыны ортаға шақырғым келеді. Ия , Жоқ айтуға, бас шайқау, бас изеуге болмайды сергіту сәтін өткізу
- Ал 2 Ә сынып оқушылары қандай балалар екенін тыңдап көрелік.
5 - оқушы:
Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
6 - оқушы:
Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.
7 - оқушы:
Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
8 - оқушы:
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
9 - оқушы:
Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Інімізді ойнатып.
10 - оқушы:
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.