Музыка тыңдау

Скачать

ІІ сәбилер тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: Біз - көңілді баламыз
Мақсаты: Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру.
Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Әнді дауыстап, көңілді күйде орындауға талпындыру.
Балалардың ән айтуға деген қызығушылығын ояту.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Әр түрлі көңіл - күйдегі балалар суреті, сылдырмақтар, ойын атрибуттары

Мотивациялық қозғаушы
І. Бастапқы жүріс.
Марш екпінді әуен ойнап, балаларды қабылдайды. Әндете сәлемдеседі.
Балалардан көңіл - күйлерін сұрайды.
Қорапшаны көрсетіп:
- Мына қорапшаның ішінде сендер жақсы көретін бір зат бар. Cылдыр - сылдыр етеді,
Жұбатады бөпені. Ол не деп ойлайсыңдар?

Іздену, ұйымдастырушы
ІІ. Музыка тыңдау. Сылдырмақ Т. Әбдіқадыров.
Әнді орындап береді.
- Ән сендерге ұнады ма? Сылдырмақпен ойнап көргілерің келе ме?
Балаларға үлестіреді.
Әнді қайта ойнап, балаларды сылдырмақты қағуға шақырады.

ІІІ. Ән салу.
1. Өткен әнді еске түсіріп, қайталайды.
Көбелек Д. Омаров
Барлық баланың әнге қосылуына көңіл бөледі.
2. Жаңа ән Біз – көңілді баламыз Б. Жұмабекова
Әнді орындап, таныстырады. Әнді тез қабылдау үшін ән сөздеріне сәйкес қимыл орындап, көрсетеді.

ІV. Ойын Күн мен жаңбыр қим. ойын
Екі түрлі сипатты, ырғақты әуен ойнап, ойын әрекеттерін орындауға шақырады.
Балалардың әуеннің өзгерісін дәл тани алуларына ықпал етеді.
Біз - көңілді баламыз жүктеу


Скачать


zharar.kz