Елдің болашағы біздің қолымызда - жастарда

Скачать

Тақырыбы: Жаңаарқа өлкесінің жер бедері мен геологиялық құрылымы
І Кіріспе бөлімі
1) Туған өлкем Жаңаарқа

Бұл жобамның мақсаты осы Жаңаарқа өлкесі жайлы мол мағлұматты еліміздің болашақ жастарына бергім келеді.

Тарихы көне дәуірлерден сыр шертетін, тұлпарының тұяғы дүниені дүркіретіп, әлем тарихында ерекше орын алған Сақтар мен Ғұндар, Көк бөрінің рухынан жаратылған Көк Түріктің жалғасы болып табылатын халқымыздың өзіндік тағылымды тарихы өзгеге мақтаныш өзімізге үлгі тұтарлық. Қайталанбас салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыппен ерекшеленетін Қазақ халқының талай ғасыр иемденіп келе жатқан кімді болмасын кеңдігімен көз тартқызар сайын даласының әрбір аймағы мен тау - тасы үлкен зерттеуге сұранарлық шежіреге толы.

Осындай шежіреге бай, сан ғасырдан сыр шертер қасиетті, киелі өңірдің бірі, әйгілі Сарыарқанын жуан ортасынан орын алған Жаңаарқа жері

Шұрайлы да шырайлы Жаңаарқа өлкесі – сан даралардың киелі ордасы, алтын бесігі, ата мекені. Бұл қасиетті топырақ - сан ғасырды бойлап тарихтың талай құпиясы сақтаған, бүгінгі күндері даласы ән мен жырға айналған, берекелі еңбек өрбіткен өңір.

Жаңаарқа тарихы үшін бүкіл қазақ елі үшін мақтанышқа айналған, сұлулықтың символы болған, сегіз қырлы бір сырлы, қоғам мемлекет қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің алатын орыны ерекше, оның замандасы, еліне адал қызмет еткен Жанайдар Сәдуақасовтың да жасаған еңбегі зор деп айтқым келеді.

ІІ Негізгі бөлім
1) Жер бедері, геологиялық құрылымы
Жаңаарқа жері өте ерте заманда таулы өлке болған. Бірақ, миллиондаған жылдар бойы жел, жаңбыр, қар мен ағын сулар, ыстық пен аяз қатты әсер етіп, биік таулар мүжіліп, бұзылып, аласарып, шоқыларға айналған. Аралары кең, тегістелген жазықтар болып қалыптасқан. Ауданының жер көлемі Орталық Қазақстанның ұзақ шоқылы өлкесінің оңтүстігіндегі Сарысу Теңіз көтерілімі аумағында, шөл және шөлейт белдемдерде орналасқан. Жер бедері әдетте аласа таулы, күмбез пішіндес төбелі, жонды, қырқалы ұсақ шоқылы жазық. Ең биік тау массиві - Ақтау Жаңаарқа ауданының шығысында оңтүстік - шығысқа қарай 20км-ге созылып жатыр. Ені 10км, бірнеше қырқадан тұрады. Қиыршық тасты, қара қоңыр топырақта көбінесе жусан, бетеге өседі. Аңғарлары шалғынды топырақты. Орталық және шығыс қырқалары жоғары протезойдың ақ кварцитінен, батыс қырқасы қызыл кварцитінен құралған.

2) Пайдалы қазбалар
Пайдалы қазбалардан Жаңаарқа жері ерте заманнан кен орындарына бай: темір, марганец, вольфрам, молибден, мыс, қорғасын, мырыш, барит, күміс, құрылыс материалдары т. б. кездеседі. Ірі кен байлықтарынан Жәйрем полиметалл кені мен Атасу рудалы ауданын ерекше атап өтуге болады. Жәйрем кенішіндегі өндіруге тұтарлық рудалар бір - бірінен оқшауланған шығыс, батыс, қиыр батыс деп аталатын 3 учаскеде орналасқан. Бұларда 17 руда қабаты анықталды. Руданың қорғасынды - мырышты, таза бариттері, мырышты - олигонитті, тотыққан қорғасынды - мырышты типтері бар. Руда минералдары: галенит, сфалерит, мельновит, олигонит, барит, пирит. Рудадан қорғасын, мырыш, барит, бұларға қосымша мыс, күміс, кадмий алынады. Ірі кен орын саналатын Жәйрем полиметалл кенінің рудасын ашық әдіспен өндіруге болады. Барланған марганец кенінің қоры 1 млрд. тоннаға жуық. Қазір кәсіпорынның құрамында Қиыр Батыс, Батыс, Үшқатын кеніштері жұмыс істейді

ІІІ Қорытынды бөлім
1) Жаңаарқа өлкесінің болашағы біздің жастардың қолында. Менің есімім Бабашева Әсел Амангелдіқызы. Мен үшін біздің еліміздің болашағы өте маңызды. Біздің еліміз, біздің жеріміз, біздің Тәуелсіз Қазақстан! Ежелден бері біздің ата - бабамыз тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен. 1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі. Біз жасөспірімдер, өз еліміздің басты генераторымыз. Біз ертең көзді ашып - жұмғанша, елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз. Әр индивидум өз болашағын өз көзімен елестейді. Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз!


Скачать


zharar.kz