Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз
Фанфары
1 жүр: Алтын ұя мектебім аялаған,
Жас жаным жапырағын саялаған.
Қарлығаш ұландарың қанат қақты,
Сыйлауын сені мәңгі қоя ма адам.
2 жүр: Сен - бұлақ өзге қуат келмегенде,
Шарапат сусын болған шөлдегенде.
Ғалым да, диқан дағы сенен ұшты,
Сенен ұшпақ біз сияқты түлектер де.
1 жүр: Иә, мектеп – сіз бен біздің біліммен сусындаған, тәлім алған алтын ордамыз.
2 жүр: Мектеп – қасиетті шаңырақ, киелі мекен, ендеше білімнің қара шаңырағына қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар!
1 жүр: Армысыздар жиналған ата – ана, ұстаз,
Той, жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамызда талпынып, қақты қанат,
Он бір жылда оң, солын таныған жас.
2 жүр: Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп,
Қолдарына аттестат алғалы тұр.
1 жүр: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жеткен сияқты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл – қыздарыңыз, ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алуға, алтын ұя мектебімен қоштасуға келіп отыр. Қарлығаштарымызды қанаттарың талмай самғай беріңдер деп қарсы алайық!
2 жүр: Бүгінгі кеш, бүгінгі соңғы тілек, арнау мен аманатымыз соларға арналады.
1 жүр: Сезіледі жүректердің лүпілі,
Жиі – жиі соғатындай бір түрлі.
Бозбала мен бойжеткендер сендерге,
Еркелік те жарасады бұл күні.
2 жүр: Бал - балалық балауса өткенімен,
Қанат қағар самғар сәт жеткенімен.
Қоштасудың қиыны – ай ұстаздармен,
Қоштасудың қиыны – ай мектебіңмен.
1 жүр: Осы бір сәт уақыттың сыйы ма екен,
Өмірге аттау күрделі түйін екен.
Мектеп деген балалық шағың болса,
Балалықпен қоштасу қиын екен.
2 жүр: Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым қол соғып қолдай отыр - деп, бүгінгі кештің себепкерлері - бітіруші түлектерімізді қошеметпен қарсы алайық!
1 жүр: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен Әліппені алғаным.
Санай ашып Әліппенің парағын,
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
11 а сыныбының алғашқы ұстазы Қадырханова Баян Қазыбекқызы және
2 жүр: Бүгін мен ғалым, яки болсам ақын,
Өзіңсің елден бұрын қол соғатын.
Ұрпаққа арнаса ғой жұрттың бәрі,
Дәл сендей бар өмірін, бар сағатын.
Өзінің бітіруші түлектерімен 11 а сынып жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Наралиева Жанар Тілеуқабылқызы келе жатыр.
1 жүр: Әліппемен ашып өмір есігін
Тербетті сені Білім деген бесігің
Өмір деген өрлі өзенге шомылып
Жаттап өстік алғашқы ұстаз есімін.
11 ә сыныбының алғашқы ұстазы Есенова Ақкүміс Оңғарбайқызы және
2 жүр: Сен менің анамдайсың, ағамдайсың.
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.
Дүниеде сенен артық ақылшым жоқ,
Ұстаз боп тумысыңнан жаралғансың.
өзінің бітіруші түлектерімен 11 ә сыныбының жетекшісі, ардақты ұстаз, технология пәнінің мұғалімі Бекешова Құралай Оралбайқызы келе жатыр.
Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз. жүктеу