Ауыр және жеңіл

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Оқу іс - әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: Ауыр - жеңіл
Мақсаты: Балаларда әр түрлі заттар мен материалдардың өз салмағы болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Заттарды салыстыра отырып топтастыра білуге дағдыландыру.
Білімділігі: Математикалық білімге қызығушылығын оята отырып, білімді өздігінен меңгеруге талпындыру.
Дамытушылығы: Ойлау дербестігін, қиялын дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, асықтар, дорбалар, киіз үй, геометриялық фигуралар.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, салыстыру, ұлттық дәстүрді дәріптеу.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Педагог балалармен жылулық шеңберін ұйымдастырады.
- Балалар, бүгінгі күн біздерге үлкен қуаныш сыйлағалы тұр, қараңдаршы көптеген сыйлы қонақтар келді, алдымен амандасайық.
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Қане, атайық
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Көктемде көптеген мерекелерді тойлаймыз. Жақында қандай мерекені тойладық?

14 - наурызда - амал мерекесін, 22 - наурызда - жаңа жыл мерекесін, 1 - мамырда - достық пен бірлік күнін, 9 - мамырда жеңіс күнін т. б. да мерекелерді тойлаймыз.
- Олай болса, балалар, біз бүгін тапсырмаларды дұрыс орындап, оқу іс - әрекетімізге жақсы қатыссақ, наурыз айында болатын мерекеде міндетті түрде қолданылатын ұлттық бұйымды табатын боламыз. Бірақ ол үшін мына сиқырлы дорбадағы асықтардың көмегімен тапсырмаларды орындауымыз керек, келісеміз бе?
(Бір бала асық иіреді. Асықта жазылған сандағы тапсырма орындалады)
1 - тапсырма:
Суреттегі үй қандай геометриялық фигуралардан тұратынын ата.
2 - тапсырма: 10 - ға дейін тура және кері сана.
3 - ші тапсырма. Суретке қарап есеп құрастыр.
4 - ші тапсырма:
Жаңа тақырып.
Ауыр және жеңіл.(Түрі және көлемі бірдей заттарды өлшей отырып салыстырып көрсету) түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс: салыстыру.

5 - тапсырма:
Тышқанға жеңіл, пілге ауыр затты бер.
Сергіту жаттығуы:
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Отырамыз, тұрамыз,
Біз тынығып аламыз.
6 - тапсырма:
Есептер құрастыр және шығар.

Пәнаралық байланыс:
Бөлшектерді бояту.

Топтық тапсырма:
1 - топ: үй құрастырады.
2 - топ: геометриялық фигура құрастырады.
Дидактикалық ойын: Адасқан сандар
Жақсы, балалар. Тапсырманың барлығын орындадыңдар. Олай болса жасырынған ненің суреті екен?

Біз не білдік?
Тәрбиеші киіз үй туралы толық түсінік бере кетеді.
Мадақтау.
Оқу іс - әрекетін санамақ айтқызу арқылы қорытындылау.


Скачать


zharar.kz