Назира Бердалы өлеңіҚандай бақыт - қалаға қар жауғаны, Ақ ұлпалар - көңілімнің маржандары

Скачать

Назира Бердалы өлеңі

Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны,
Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары.
Қандай мұңды – қар жауған құтты күні
Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.
Қандай мұңды – қардың да еритіні,
Қандай мұңды – жардың да жеритіні…
Қандай бақыт – көктемнің келетіні,
Қандай бақыт – бақытқа сенетінім…


Скачать


zharar.kz