Аяз атаның серігі

Скачать

ШҚО, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Мукатаева Айнаш Ораловна

Ана тілі
Сабақтың атауы: Ә. Дүйсенбиев. Шырша жыры
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу, балалар жазушысы М. Төрежанов туралы қысқаша мәлімет беру. Шырша жырын әуенімен айтуға жаттығу, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыта отырып, сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің негізгі идеясын меңгерген тұлға
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: топпен жұмыс.
Психологиялық ахуал Шаттық шеңбері:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Қыс. Күн суық болады, адамдар қалың киінеді. Далаға шықсақ қар жапалақтап жауып тұр екен, бәріміз көз жұмайық, алақандарымызды ашып, қолымызды созайық кімнің қолына қар қиыршығы түседі екен. Қиыршықты жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеміз.
1-топ: Мешін
2 - топ: Қой
3 - топ: тышқан.
Үй тапсырмасы: Балалар Аяз ата келе жатыр екен қарсы алайық. Аяз ата сыйлық таратады, шырша ойыншықтары жазылған тапсырмалары бар.
1) Аңдар неге таласты?
2) Аңдар нені күте бастады?
3) Түйе неге ызаланды?
4) Неге ол тышқанды таптап өлтірмекші болды?
5) Тышқан қалай бірінші болып көрді?
6) Түйенің үстіне қай аң шықты?
7) Тышқан түйенің өркешіне неге мініп алды?
8) Көрдім деген сөзді кім айтты?
9) Жыл атымен аталған жануарларды ата?

Мағынаны тану
Сөзжұмбақты шешу.
1. Адам аты. 2. Аяз атаның серігі. 3. Соңғы жыл атауы. 4. Жаңа жыл көркі. 5. Жыл атауы. 6. Жыл басы. 7. Аяз ата дорбасындағы зат.
Шешкеннен кейін ар жағынан шыршаның суреті шығады.
Оқушылар Шырша жыры әнін айтатынын бірден тауып алады.
Ой қозғау: - Жаңа жылға дайындығың қандай?
(Оқушылардың ой – пікірі тыңдалады.)
Авторларға шолу: М: - Әннің сөзін жазған: Ә. Дүйсенбиев, әнін жазған: Л. Хамиди

Латиф Абдулхайұлы Хамиди – 1906 жылы 17 шілдеде бұрынғы Татар АССР - нің Апас ауданында дүниеге келген. Белгілі композитор, Қаз ССР - нің халық артисі, Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, балаларға арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы қазан айының 25 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1) дауыстап оқыту
2) іштей оқыту
3) тізбектей оқыту
XII. Сабақты бекіту.
- Мәтіннің авторы кім?
- Қандай шығармасымен таныстық?
- Мәтіннің негізгі түйіні:
Біреуге жасаған жақсылығыңды, қамқорлығыңды ел айтсын!
Бір – біріңе жақсы тілек айт.

Сергіту сәті Жел уледі у - у,
Боран келіп биледі зу - зу,
Қатты қатты жел соқты гу - гу,
Жапалақтап қар жауды ду - ду.
Балалар парта арасынан шығып, қолдарын ауыздарына жақындатып, жай дыбыстайды. Екі қолды қайшылап, дауыстарын үдетеді, қолдарын соғады.

Ой толғаныс Дәптермен жұмыс.
Өзі таудың бөктерінде өседі,
Жаңа жылда үй төріне көшеді.
Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
XII. Сабақты бекіту. Жаңа жылдық шыршаны безендіру ойынын ойнаймыз. Ол үшін сендер мына бос шыршаны безендіру үшін, артында жұмбақтар жасырылған ойыншықтардың жұмбақтарын шешу арқылы ойыншықтарды шыршаға іліп, безендіреміз.
Жұмбақ шешу;

Үйге тапсырма Шырша жырын жаттау.
Бағалау
Кері байланыс

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz