Қыз - келіншектердің белдемше, көйлек киюі маңызды
Белдемше немесе кең етек көйлек әр уақытта әйелге тән негізгі белгілері болып саналды. Оның себебі - мұндай киімнің әсемдігі ғана емес. Энергетикалық тәжірибе саласындағы мамандар әйелдің белдемше киген кезде, әйелге тән энергиясын жинақтала бастайтынын айтады. Сондықтан белдемше әйел затына арналған қасиетті киім.
Ежелгі заманнан бері әйелдер тек қана көйлек пен белдемше киген. Бұл сән барлық халықтар үшін тура. Мысалы, славяндық әйелдерде басты киім сарафан, үнді әйелдер ұзын, кең орамалдармен оранған, жапон әйелдері кимоно киетін болған. Көріп отырғаныңыздай, барлық киім әйелге тән ұзын етекті көйлектер, әйелдер шалбар кимеген.
Бұрынырақта адамдар өздерін табиғат күшімен байланысты сезінді. Әйелдердің ерлерден айырмашылығы тек физикалық параметрлер бойынша ғана емес, әртүрлі жыныстағы адамдар әртүрлі энергетикамен сипатталатынын білді. Ерлерге ғарыштан энергия алады десе, әйелдер негізінен жерден энергия алады деп есептейді.
Егер біз сүйіспеншілік, сезімталдық, қамқорлық, мейірімділік деген ұғымдарды алып қарасақ, онда бірден әйел заты еске түседі. Мұндай атаулардың бәрі әрине жерге қатысты аталуы өте орынды. Кез келген белдемшенің немесе көйлектің етегін алып қарасақ оның дизайны конус секілді және бұл үлгі кездейсоқтық таңдалмаған.
Мұндай конус әйелге жердің энергиясын және күш-жігерін жақсы сіңіруге, көбейіп жеміс беруге және қаржылық тұрғыдан қауіпсіз болуына көмектеседі деп пайымдалады. Егер әйелдің дене мүшелері туралы айтатын болсақ, олардың энергия жинақталатын арнайы органы ол – жатыр. Ер адамдар табиғат заңдылығына сәйкес ондай органмен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ерлер жердің энергиясын әйелден алуына тура келеді.
Ал әйел шалбарланып алған кезінде жермен байланысқа түсу мүмкін болмайды. Энергияның қозғалысы тоқтап, әйел жынысты киелі ыдыс бос қалады. Нәтижесінде, әйел адамның ер адаммен бөлісетін ештеңесі болмайды.
Еркектер үшін әйелден қабылдайтын энергия маңызды. Ол оны тыныштандырады, тепе - теңдік сақтауға тұрақтылық сақтауға үйретеді. Егер ер адам әйелдің энергиясын сезінсе, шығармашылықпен айналысқысы келеді. Еркек әйелдің сүйіспеншілігінен айырылған кезде, ол агрессивті, дөрекі және қатыгез болып кетеді.
Әйелдер арасында мүлде белдемше кимейтіндер бар. Олар шалбар, джинсы киеді. Бірақ мұндай әйел өзінің рухын бөтен жолмен, яғни еркекше нығайта бастайды. Нәтижесінде, ер адам секілді әрекет етеді. Бұл энергия алмасудың бұзылғандығын көрсетеді. Бұл физикалық тұрғыда әртүрлі аурулар, қарым-қатынаста түсінбеушілік және жанжалдар түрінде көрініс табуы мүмкін.
Шалбар киюді әдетке айналдырған қыз-келіншектердің айтуы бойынша мұндай киім өте ыңғайлы, стильді, практикалық және сәнді. Әрине, күнделікті жүріп тұруға да шалбар өте ыңғайлы әсіресе ауыр жұмыс кезінде шапшаң қимылдау үшін тіпті таптырмас киім деп атауға болар. Көйлек немесе белдемшемен ауыр жұмыс істеу мүмкін емес, етегі ашылып кете ме дейсің, аяғыңа оратылып қалатыны тағы бар, тере берсең кемшілігі өте көп? Бірақ бұл әйелдер үшін жақсы нәрсе екенін жоққа шығара алмаймыз ұзын етекті белдемшенің қасиеті бейбітшілік пен үйлесімділік әкеледі. Әйел адам ауыр жұмыс істеуге арналмаған, қара жұмысқа кірісіп шапшаң қимылдауына болмайтыны туралы тіпті ойламайды. Ондай жұмысты ер-азамат атқарады және соның көмегіне жүгінген жөн болар.
Әдемі белдемше немесе көйлек кигенде, кез-келген әйел көңіл-күй мен жағдайдың қаншалықты тез өзгеретінін сезінеді. Әйел өзіне таныс әрі қисапсыз энергия құйылып жатқандай сезіледі. Әлбетте, ерлердің көзі əрқашан белдемше немесе көйлектегі аруға түседі. Әйелдер үшін шалбар, супер сәнді болса да, бұрынғыдай тек қана ерекшелік ретінде қолданылуы керек.
Белдемшенің ұзындығы мен пішіні де маңызды. Бұрын әйелің белдемшесі немесе көйлегі тобықты жауып тұруы тиіс деп есептелген. Сонда жерден алған энергиясын сақтау оңай болады. Егер белдемше кең бұрышты қозғалыс кезінде сәл бұралып тұрса, жердің қуатын күшейтуге арналған өрісі пайда болады. Белдемшенің шеті айналмалы - амулет деп саналды. Мұндай амулет әйелдердің сексуалдық орталықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге арналған. Әйелдердің репродукциялық органдарының саулығы және олардың дұрыс жұмыс істеуі осындай орталықтардың дұрыс жұмысына тікелей байланысты.
Ұзын белдемшедегі әйелдің бейнесі әрдайым мінсіз және тазалықты еске салады. Ұзын белдемше әйелді нәпсіқұмар көздерден сақтайды. Сұқтанған жаман көздер әйелдің төменгі энергетикалық орталықтарын тесіп өтуі мүмкін. Егер солай болса, әйел жыныстық қуатын жоғалтады. Онымен бірге өмір күші мен әйелдің тартымдылығы жоғалады. Ол өз еріне ештеңе бере алмайды, сондықтан оған деген қызығушылығын жоғалтады. Нәтижесінде, әйелдің табиғи азуы басталады.
Бүгінде көптеген қыз - келіншектер баяғы батыр ер - азаматтарымыз қайда кетті деп сұрайды? Бұл сұрақтың өзі орынсыз? Себебі әйел өзінің табиғи қалпынан бас тартып еркектің орнын тұрса, бұнда ер - азаматтың кінәсы жоқ болар!
Қыз - келіншектер ерлер киімін кию арқылы әйелге тән нәзіктігінен айрылады.
Бақытымызға орай, соңғы жылдардағы сән- салтанат қыз-келіншектерге арналған ұзын етек көйлектер сәнге оралып, жердің күшімен қоректенуге және сүйікті әйелге тән нәзіктікке бөленуге мүмкіндік беруде. Сондықтан бүгіннен бастап ұзын етек белдемше немесе көйлек киіп шынайы әйел екеніңізді сезініңіз. Адам мен табиғат тікелей байланысты. Табиғаттың заңдылығына бағына өмір сүрейік.
Дереккөзі: garmoniazhizni
Дайындаған: Жайна