Филармония - өнер шаңырағы

Скачать

Музыка 2 сынып
Тақырыбы: Филармония - өнер шаңырағы. Ән Апа туған күніңмен!
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өнер шаңырақтары, өнер адамдары жайлы толық мағлұмат бере отырып, музыканы түсініп, тыңдай білуге, сыйластыққа үйрету.
Дамытушылық: Ой қозғау, шығармашылыққа, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге, рухани - танымдық кеңістіктерін молайтуға көмектесу, мәдениеттілікке, сахна өнеріне баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, ойын, сұрақ - жауап, топпен ән айту, музыка тыңдау
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу
Көрнекіліктер: Театр, филармония, өнер адамдарының фотосуреттері, слайд
Техникалық құрал - жабдықтар: Баян аспабы, үнтаспа, музыкалық аппаратуралар

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Жүрегіміз саз әуенді қалаған.
Асыл өнер жанашыры біздерміз

ІІ. Үй тапсырмасы Өнер ордасы – театр
1. Театр мен концерт залдарына барғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек? Оның қандай ережелері бар?
2. Театрдағы ең басты адам кім?
3. Режиссер не істейді?
4. Суретшілер қандай жұмыс жасайды?
5. Сахна әртістерінің киім үлгілерін кім жасайды?
6. Көрермендер өз көңіл - күйін қалай білдіреді?
7. Адамдар театрға не үшін барады?
8. Театрдың қандай түрлері болады?
Жарайсыңдар оқушылар! Үй тапсырмасына өте жақсы жауап бердік. Енді жаңа тақырыбымызға шығу үшін бізге бірнеше аялдамалардан өту керек.
1 - аялдама: Күйші - композиторлар
2 - аялдама: Ежелгі музыкалық аспаптар
3 - аялдама: Өнер ордасы – театр . Осы аялдамалардан өтсек қана біз бүгінгі жаңа тақырыбымызды аша аламыз.

ІІ. Жаңа сабақ: Галереяға шолу (суреттермен таныстыру)
Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ең үлкен музыкалық өнер шаңырағы. 1935 жылы құрылған. Филармония әртістері Қазақстанның көптеген қалаларында, шет елдерге барып өнерлерін көрсетеді. Бұрын тек қана Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония болатын. Ал қазір Қазақстанның барлық қалаларында филармониялар бар. Өзіміздің Атырау қаласында белгілі актер, ұстаз Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония бар. Филармония залында күнде классикалық музыка концерттері өтеді.

ІІІ. Ой қозғау: Классикалық музыка дегенді қалай түсінеміз?
ІҮ. Музыкалық сауат – дәптермен жұмыс
Классикалық музыка – ең биік, көркемдік талапқа сай, музыка өнерінің алтын қорына енген шығармалар. Олар симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, хор капелласының, ұлттық би ұжымдарының т. б өнер ұжымдарының орындауындағы музыкалар. Мысалы мына опера.

Ү. Музыка тыңдау: Римский - Корсаковтың Салтан патша туралы атты ертегі операсынан Араның ұшуы 1 минут
ҮІ. Сергіту сәті: Аяқпенен топ - топ - топ
ҮІІ. Дауысқа жаттығу жасау

ҮІІІ. Ән үйрету: Апа туған күніңмен!
Ән орташа жылдамдықта орындалады. Әнін жазған балаларға арналған көптеген кітаптар шығарған, Маңғыстаулық балалар ақыны, композитор Көмек Ыбырайұлы. Қазір Ақтау қаласында музыка пәнінің мұғалімі.

ІХ. Ойын: Ырғақты аккомпанемент
Оқушыларды 2 топқа бөліп, бірінші топ әнді орындайды, ал екінші топ ақырын шапалақтап белгілі ырғақты соғады. Мұндай аккомпанемент әннің ырғағын тез үйренуге көмегін тигізеді.
Х. Бекіту: 1. Қандай өнер шаңырағымен таныстық?
2. Классикалық музыкаға қандай шығармалар жатады?
ХІ. Қорытындылау: ВЕНН диаграммасы
ХІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, ән жаттау
Бағалау


Скачать


zharar.kz