Сабақтың тақырыбы: Алаш қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
• Дамытушылық: Алаш қозғалысы туралы оқушылардың бойына нақты пікір және жеке көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Көрнекілік: Слайд, алаш қайраткерлерінің портреттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұраққа жауап беру арқылы өрмекші торын құрамыз.
1. 1917ж Ресейде неше мемлекеттік төңкеріс болды. ( екі)
2. Алғашқы қандай төңкеріс болды. (ақпан)
3. Ақпан төңкерісінде кім тақтан құлады. ( II Николай)
4. II Николай тақтан құлатылды орнына қандай мемлекет құрылды? (уақытша үкімет)
5. Оны кімдер басқарды? (министрлер)
6. Большевиктер кімдерге үгіт - насихат жүргізді? (солдаттар мен жұмысшыларға)
7. Көтерілісшілер не деп ұрандады?
8. Қандай талаптар қойылды?
9. 1917жылы 24қазанда қандай төңкеріс болды? (қазан төңкерісі)
10. Қазан төңкерісінде қандай үкімет құлады? (уақытша үкімет)
11. Уақытша үкіметтің орнына қандай мемлекет құрылды? (кеңес үкіметі)
12. Кеңес үкіметіне басшылық еткен кім? (В. И Ленин)
III. Үй тапсырмасын ауызша бекіту.
IV. Жаңа сабақ. Алаш қозғалысы
Электронды оқулықты пайдаланамыз
Тақырып жоспары:
1. Алаш орда үкіметі
2. Алаш қайраткерлері
3. Дәптермен жұмыс
V. Жаңа сабақпен жұмыс
Білім жәрмеңкесі (сурет таңдау арқылы сұраққа жауап береді)
"Деңгейлік сандар сыры"ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұраққа жауап береді.
VI. Жаңа сабақты бекіту
Сөзжұмбақты шешу: " Алаш Орда"
VII. Қорытындылау
VIII. Бағалау
IX. Үйге тапсырма Алаш қозғалысы