Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуЭкономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет

Скачать

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын,
сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет. (Н. Ә. Назарбаев)

Кембридж бағдарламасының да негізгі көздегені оқушылар мен мұғалімдердің сыни ойлауын қалыптастыру. Қай пән үшін болмасын оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өте маңызды. Дегенмен қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде алдыма қойған мақсатым: ақпараттың керекті тұсын алып, оны талқылап, өзіндік тұжырым жасай білетін, өз жұмысына, өзгенің жұмысына сыни көзбен қарайтын және сол жұмысқа әділ баға беретін тұлға қалыптастыру болды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу. Оқушылардың сыни ойлауы әсіресе, сұрақ - жауап, топтық әңгіме, дебат әңгімеде көрінеді. Әдебиетте әңгіменің мазмұнын меңгерту үшін ЖИГСО әдісін пайдаландым. Мұнда топтарға мәтінді бөліп бердім. Оқушылар белгіленген уақыт аралығында Жұмыс үстелінен өз жанұяларына барып оқыған бөлімдерін түсіндірді. Келесі бөлімді келесі топ мүшесі түсіндіріп, сыныпта процес жүрді. Өзара оқыту барысында оқушылар бір - біріне түсінбеген жерлерін қайталап сұрақ қою арқылы ақпаратты меңгерді. Яғни бұл жерде берілген бөлімдерді талқылай отырып, сыни ойлауға жайлап үйрене бастайды. Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс жасау барысында бір - бірінен ақпарат алмасады. Бір - бірімен пікір алмаса отырып, топ мүшелерінің идеяларын бір арнаға тоғыстырды.

Оқушылар топта өзара ықпалдаса отырып, сыни ойлау дағдылары қалыптасты. 5 а класында Отырар поэмасын өткенде Отырар қаласы туралы қысқаша мәлімет бере келіп, Отырар қаласы Шыңғысханның шабуылынан кейін жермен жексен болып, қазіргі күнде Отырар төбе деп аталатын үйіндіге айналды. – Енді, сіздер, Отырар қаласының не себепті осылай аталғанын, оны жазған жазушы туралы білгілеріңіз келе ме? Олай болса, топта бірігіп осы сұрақтарға жауап іздейсіздер деп, Рольдегі оқушылар әдісін пайдалана отырып, Ітоп зерттеушілер - Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуді, ІІ топ баяндаушылар – Поэманың мазмұнын баяндауды, ІІІ топ жоба қорғаушылар – Біздің қиялымыздағы Отырар тақырыбында жоба қорғау тапсырылды. Алдымен оқушылар топта өзара ақылдасып пікірлерін ортаға тоғыстырды. Зерттеушілерге жазушыға байланысты қосымша материалдар бердім. Берілген 20 минут уақыт аралығында топтар қызу жұмыс жүргізді.


Скачать


zharar.kz