Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау

Скачать

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы,
Зайсан қаласы, М. Әуезов атындағы орта мектебі КММ,
Файзрахманова Ардақ Кизатулловна

Қатысатын категория: математика пәні
Алгебра 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау. Оқушылар негізгі тригонометриялық формулаларды, есептерді негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолданып, әр түрлі тәсілдермен шешу, тригонометрия элементтері тақырыптары бойынша алған білім мен білік дағдыларын практикада қолдана білуін қадағалау

Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау
Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау, есептер шығару
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық, интерактивті мультимедиялық оқыту, практикалық іздену, ой қозғау, зерттеу, өзіндік жұмыс
Бақылау түрі: өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау
Пәнаралық байланыс: Тарих, геометрия
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, үлестірмелі тапсырмалар, кесте, гүл жапырақшалары, бағалау парағы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру
І. Мотивациялық кезең: оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталандыру
Мұғалім:
Балалар, орнымызда шеңбер бойымен тұра қалайық! Қараңдаршы, біздің әрқайсысымыздың шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар. Әрбір оқушы өз алдында жатқан әр түрлі түстегі ститкерлердің арттарына қарасаңдар бір құпия табасыңдар.
Егер күлкі бейнеленсе - онда бір - бірімізге күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе - қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесейік, жүрек бейнеленсе - құшақтасайық!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден – деп бүгінгі ашық сабағымызды осындай көтеріңкі көңіл - күймен бастайық.
сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

ІІ Топқа бөлу
1 – топ Синустар
2 – топ “Косинустар
3 - топ “Тангенстер
4 – топ “Котангенстер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№325. Өрнекті ықшамдаңдар

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz