Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жыр. Қой.
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру керек, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып,
өлеңді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқуға үйрету.
Ұлттық салт - дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу, малды ұрмауға тәрбиелеу.
Тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: Түсіндірмелі – иллюстративті
Көрнекілігі: Слайдтар
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, дене тәрбиесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу.
Үлкенге де Сіз ,
Кішігі де Сіз .
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас ертегісінің мазмұнын сұрап, бекіту.
Актуалдау
- Біздер қай тарауды оқып жатырмыз?
- Халық ауыз әдебиеті деп неге айтады?
- Оларға нелер жатады?
Атадан қалған асыл мұра
Мақал - мәтел
Жұмбақ
Жаңылтпаш
Ертегі
Мысал
Аңыз
Бесік жырлары
Батырлар жыры
Төрт түлік жырлары
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)
Қамыс құлақ тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті – дәрі, еті - тамақ.(жылқы)
Үстінде тауы бар,
Өзі қызық жануар.(түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.(сиыр)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар.(ешкі)
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі ең момыны. Қой малы тез көбейеді. Адамға берер пайдасы өте көп.
Сонымен төрт түлік малдың бірі - қой туралы бүгінгі сабақта танысатын боламыз.
ІІІ Жаңа сабақ.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
Қойдың сүті қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.
Оқулықпен жұмыс
а өлеңді баяндау
ә іштей оқу
б тізбектей оқу
ІҮ. Тапсырмамен жұмыс. Қой туралы не білесіңдер?