Шымтезек мүгі туралы ертегі құрастыру

Скачать

Шалқар қаласы,
№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп
Биология және химия пәні мұғалімі
Сактапова Жайнагул Данбаевна

Биология 6 сынып
Тақырыбы: Шымтезек мүгі
Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің систематикасы, мүктер туралы, түрлері, жалпы тірі ағза үшін маңызы, дамуы мен өсуі жөнінде түсінік беру және білімдерін қалыптастыру;
1) Оқушылар жаңа тақырыпты меңгере отырып, топта жұмыс жасай біледі, мүктердің маңызын, түрлерін, қызметін түсіндіру және одан әрі толықтыру;
2 ) Белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады, мүктердің түрлерін, дамуы мен өсуін түсіндіре отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
3) Топ болып жұмыс жүргізу машықтарын жетілдіру, қосымша ақпаратты өз бетінше қабылдап сараптай білуге дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже: - Оқушылар жаңа тақырыпты меңгере отырып, топта жұмыс жасайды, мүктердің маңызын, қызметін біледі.
- Белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады, шымтезек мүгінің маңызына көз жеткізеді.
- Топ болып жұмыс жүргізу машықтарын жетілдіреді, тақырыпты өз бетінше меңгереді, сараптай білуге дағдыланады.

Сабақ барысы
Кіріспе бөлімі
1) Амандасу ( оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, Амандасу салтымыз... тренингі) Яғни оқушылар әр елдің салтымен амандасады.

2) Үй тапсырмасын тексеру
Стикердегі диалог әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

3) Топқа бөлу; Мозайка әдісі арқылы топқа бөлемін.
1 топ: Өсімдіктер 2 топ: Жануарлар
3топ: Адамдар
4) Актуалдау. Жер бетінде өсімдіктердің қаншама түрлері бар. Олардың түрі сан алуан. Солардың бір өкілі - Мүктер

Жаңа сабақтың таныстырылымы
4) Ротация әдісі арқылы жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Әр топ өздеріне берілген фламастермен топтық таныстырылымды жасап, келесі топ толықтырады.
1 топ: мүктерге сипаттама (тірек сызба, тәжірибе)
2 топ: Шымтезек мүгі құрылысы (ментальді карта)
3 топ: Дамуы
( Салыстыру кестесі)
Сергіту сәті. Серігіп бір алайық! тәсілі
5) Біз есте сақтаймыз! әдісі арқылы оқушылар термин сөздіктерді жаттап, дәптерлеріне жазады.
6 ) Ой, толғаныс
1 топ: Мүктер әлемі Эссе жазу
2 топ: Даму жолдары бес жолды өлең.
3 топ: Шымтезек мүгі туралы ертегі құрастыру;
8) Карусель әдісі арқылы әр топ өз ойларын айтады.
1) Кім? Не?
2) Неліктен?
3) Қашан?
4) Қалай?
5 ) Қайда?

8) Активатор 3, 2, 1 әдісі арқылы өз ойларын дәптерге жазып ой бөліседі.
1) Бүгінгі сабақта ұнаған 3 тапсырма...
2) Сабақ барысында ұнаған 2 сұрақ...
3) Ұнаған 1 оқушы...

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz