Тақырыбы: Ы. Алтынсарин Өзен
Жалпы мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу, оның мазмұны мен идеясын ашу.
Міндетті: Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін кеңейте түсу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға, жалпы тіршілік иесі үшін қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру.
Оқыту нәтижесі: Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға, жалпы тіршілік иесі үшін қажеттілігі туралы түсінік алады.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар,
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық.
Балалар қыс мезгілі аяқталып, күлімдеп көктем айы да келді. Күлімдеген көктем айында табиғатымыз Жер - Ана бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды. Олай болса, біз де бір - біріміздің алақанымыздың жылулығын сезінейік.
II. Ой қозғау.
1. Біздің айналамызды не қоршап жатыр?
2. Табиғат дегеніміз не?
III. Сыныпты топқа бөлу.
Табиғатқа байланысты сынып оқушыларын төрт топқа бөлу. Олар: ауа, су, өсімдіктер, құстар
Әр топ өз аттарын қорғайды.
Формативті бағалау.
IY. Жаңа сабақ. Табиғат - менің өз үйім. Өзен.
Ыбырай Алтынсарин.
Y. Топтық тапсырмалар.
1 топ Ыбырай Алтынсарин кім?
2 топ Қандай шығармаларын білесің?
3 топ Бір өлеңін жатқа айт.
4 топ Бес жолды өлең құрастыр.
Формативті бағалау
YI. Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің түсіндіруі.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Оқушылардың оқуы.
YII. Сөздік жұмысын жүргізу.
Қынарда - жағасында
Жанабында - маңайында
YII. Топтық тапсырмалар.
Өлеңнің әр шумағына талдау жасау.
1 топ 1 шумағы
2 топ 2 шумағы
Формативті бағалау
YIII. Қосымша мәліметтер.
Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі - уақты өзендер бар. Бірақ соның ішінде 1000 км - ден асатын 7 ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын болсақ:
1. Ертіс - 4242 км.
2. Тобыл - 1600 км.
3. Жайық - 2428 км.
4. Есіл - 2450 км.
5. Сырдария - 2212 км.
6. Іле - 1400 км.
7. Шу - 1186 км.
IX. Талантты дарынды оқушымен жұмыс.
Жайық өзені туралы алып келген ақпаратын тыңдау.
Формативті бағалау
X. Бейнебаян тамашалау.
Жайық өзені туралы бейнебаян тамашалау.
XI. Топтық тапсырмалар.
1 топ. Суға байланысты тыйым сөздер.
2 топ. Су туралы мақал - мәтел айту.
3 топ. Өзеннің суретін салу
4 топ. Су тақырыбында шағын эссе жазу.
Формативті бағалау.
Өзен, су туралы мақал мәтелдер, нақыл сөздермен таныстыру
Өзен ақса — көл,
Дария ақса — сел.
Өзен бойы тұрғанда
өзге жерге қонбаңыз.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Өзен - суға жарасқан қамысы мен қоғасы,
Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
Өзен суын жаңбыр тасытады,
Адам қадірін еңбек асыртады.
Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында,
Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында
Әйтеке би
• Асқар тау сенде бір мін бар -
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар -
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар -
Басқаға сөз бермейсің!
XII. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап алу.
XIII. Үйге тапсырма, бағалау, қорытындылау