Дінтану мамандығыДінтану елімізде жаңа ашылған мамандық

Скачать

Дінтану мамандығы

Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.
Мамандар кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асырады:
- Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;
- ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;
- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни - философиялық мәселелері бойынша ғылыми - зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;
- Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т. б.) қатыса алады;
- Халал стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;
Бакалаврлар дінтанудың төмендегідей бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтеді:
Ø Дін тарихы
Ø Ислам теологиясы
Ø Христиан теологиясы
Ø Құран және Құран ілімі
Ø Дін философиясы
Ø Дін әлеуметтануы
Ø Дін психологиясы
Ø Дін антропологиясы
Ø Дін этика мен акциологиясы
Ø Дін және өнер
Ø Дін және мәдениет
Ø Еркін ой және дін
Ø Дәстүрлі емес культтер мен эзотериялық ілімдер.
Ø Қазақстандағы дін мен мемлекет арақатынасы
Ø Қазақстандағы ислам
Ø Қазақстандағы православие
Дінтанудың зерттеу пәні
Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни - мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады.
Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады.
Барлық оқытушылар діни білімге, діни әдет ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды.
Зайырлы ғылымның тақырыбы мен мазмұны атеистік немесе дінге қарсы емес. Университетте оқытылатын діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді.
Студенттер интернет және дінтану бойынша жаңа отандық және шетел әдебиеттерін пайдаланады. Шет елде және діни орталықтарда, әкімшіліктердің ішкі саясат департаменттерінде, университтерде, колледждерде және т. б. жерлерде практикадан өте алады. Шет тілін меңгеруді қалайтындар үшін ағылшын, араб, парсы, түрік тілдерінде сабақ өткізіледі. Бітіру жұмысын үздік қорғаған бітірушілер магистратура мен РһD білімін жалғастыра алады.
ҚазҰУ студенттеріне толыққанды оқуына және демалысына жағдай жасалынған. Студенттерге қалалық студенттер емханасы мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың медициналық орталығы ақысыз қызмет көрсетеді,
университетте бағасы төмен, әрі сапалы, дәмді тағамдар даярлайтын ірі қоғамдық тамақтандыру комбинаты, асханалар және буфеттер бар. Басқа қаладан келген студенттерге жатақханадан орын беріледі. ҚазҰУ қалашығында Студенттер Сарайы, киноклуб, спорттық кешен, Ыстық - көл жағалауында жаздық спорттық - сауықтыру кешені бар.
Дінтану деген атаудың астарында адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің ең қызық, күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жатыр.

студент 4 курса КазНУ Жумагалиев Ернур
при поддержке руководителя дипломной работы Мұқан Н.


Скачать


zharar.kz