Арун:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Жанерке:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне, Әліппемен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби еркелер
Диас:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Диана:
Әліппені бітірді балаларың
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімді балаларың
Арун:
Ақылы дария, Ойы аспан Қариялар, Армысың!
Жанерке:
Өнегелі сөздері, Еркелеткен біздерді Әжелерім, бармысың!
Диас:
Асқар таудай, Өрісі кең Әкелерім, Армысың!
Диана:
Ақ сүт берген, Аялаған Аналарым, бармысың!
Барлығы бірге:
Білім берген, Саясы мол
Ұстаздарым, Армысың!
Арун:
Толқимыз, Толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
Бүгінгі кеш қонақтарын ортамызға
Жанерке:
Міне бәрі той думанға келіпті
Әрбір достар өз ісіне ерікті
Шымылдығын ашсын осы думанның
Ортамызға бір топ бала келіпті.- Олай болса, бүгінгі кештің иелері, әліппені бітіруші
балғындарды ортаға шақырамыз!
Нұрсұлтан:
Хадиша біздің ай екен
Мінезге бір бай екен
Ақ көңіл пейіл пәк жүрек
Бір өзіне сай екен
Хадиша:
Нұрсұлтан достым мақтаулы
Ұмытпайды жаттауды
Ата - ананың үмітін
Мақсат еткен ақтауды
Мұхамедәли:
Әнуардың қайсарлығы бір бөлек,
Сөйлегенде сөзін алар бір елеп.
Жүрісі де, тұрысы да өзгеше,
Сөйлеуі де басқалардан тым бөлек.
Әнуар:
Затына сай қылып қойған атында
Өте айбатты жүгерлі де батыл да
Арамызда Мұхамедәли ержүрек
Бар ғой ода үлкен білім ақылда
Ақтоты:
Аты ерекше өзгеден
Мақсаты көп көздеген
Алихан өзінің күшімен
Бар әріпті меңгерген