ӨЗ ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІ
Тыныштықты іздей берудің қажеті жоқ. Оның соңы мүлгу мен қалғуға алып баруы мүмкін.
* * *
Бұл өмірде барлық нәрсені білем деу – күпіршілік. Әйтсе де, білген сайын өмір күрделене беретіні ақиқат.
* * *
Адамдар үшін бір-біріне қуаныш сыйлағаннан артық бақыт бар ма?
* * *
Гүлде де тікен болатынын байқамай қол созып, саусағыңды қанатқанда ғана білесің.
* * *
Әрбір адам өзінше бір әлем, өзінше бір дүние. Ол дүниеде бәрі де бар...
* * *
Өсіп келе жатқан гүлге су қандай қажет болса, адамға да шынайы көңіл сондай қажет. Сол кішкетай ғана көңілмен мына дүние, сонау әлем ғажап боп көрінеді.
* * *
Мейірімділікті көрген сайын, шапағатты сезінген сайын тек жақсылықты ойлай беретінің рас.
Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау